Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  


Загрузка...

УМК по казахскому языку - файл 1.doc


УМК по казахскому языку
скачать (2110 kb.)

Доступные файлы (1):

1.doc2110kb.20.11.2011 19:32скачать

содержание
Загрузка...

1.doc

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Реклама MarketGid:
Загрузка...

  1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS




    1. Оқытушылар туралы мәліметтер:


Сабақ жүргізетін оқытушылар: Тұрсынова Г.Т. – п.ғ.к., доцент,

тегі, аты, әкесінің аты

Шүленбаева Ұ.Р. – ф.ғ.к., доцент, Садақбаев Т.Т. – ф.ғ.к., доцент,

Өмірбеков А.Ә. – аға оқытушы

Байланыс түрі 257-71-82, 257-72-70 .

телефон, E-mail

Кафедрада болатын уақыты БОҒ, кафедра 610, 612 .

аудитория, уақыты

1.2 Пән туралы мәліметтер:

Пән атауы Қазақ тілі .

Кредит саны 3 .

Өткізу орны Бас оқу ғимараты

Оқу жоспарының көшірмесі


Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Тәжірибелік/


семин. сабақт.

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау

түрі

1

1-2

3

3

3

3

9

Емтихан



1.3. Пререквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының студенттеріне арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешен олардың орта мектептегі тіл туралы алған білімдерін одан әрі толықтырады. Студенттерге Қазақстанды, қазақ елін, яғни қазақ елінің тарихын, мәдениетін, өнерін, әдебиетін, ғылымы мен білімін дамытуда ерен еңбек еткен ұлы тұлғалардың шығармашылығын және т.б. тереңірек білуге бағыттап оқытады. Бұл пәнді оқу арқылы, Қазақстанның қалыптасу тарихын, елін, жерін қорғаған хандар мен батырларының, көсемдер мен сөз шеберлері билердің, алты алаш арыстарының ғылым, білімді дамытуға қосқан үлестерін меңгереді және мамандықтарына сай кәсіби тілді болашақта қатынас құралы ретінде игеріп шығады.

1.4.Постреквизиттері: Жоғары техникалық оқу орындарының барлық мамандықтарына арналған қажетті пәндерді, мемлекеттік тілді орыс тілді бөлім студенттеріне оқыту негізінде, оның қатысымдық жағын күшейтіп, ұлтаралық қатысым құралына айналдыру талабына баса назар аударылу керек. Кешенді қатынас құралы ретінде жан-жақты меңгерген студент осы пәннен алған білімін болашақ еңбек жолында кәсіби-іскери бағытта толық пайдалана алады.

^ 1.5. Пәннің мазмұны: Соңғы жылдарда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, оны дамытудың әр қырынан қамтылған көптеген шаралары көрсетіліп, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту жолдары қарастырылған бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Бұл оқу үрдісіндегі кезек күттірмейтін міндеттердің бірі.

Жаңа ғасырдағы жаңа ағымдарға сай талаптар бойынша, білікті мамандар даярлау, оқытудың сапасын халықаралық дәрежеге көтеру, кәсіби мамандықтарға бағытталған білім беру үшін, жаңа технологияны пайдаланып, кредиттік жүйемен оқытуға ерекше назар аударылуда. Бұл арада студенттерге мәтінмен жұмыс істетуді дағдыландырудың қажеттілігі туады. Тіршіліктегі барлық пайдалы, қажетті мағлұматтарды тек мәтін арқылы алады.

Пәнді оқып, меңгерулері және аталған талаптардан шығулары үшін студенттер мыналарды білулері қажет:

  • Қазақстанның, қазақ елінің даму жолдарын, тарихын;

  • Қазақ халқының XX ғасырдың I, II жартысындағы тарихи-әлеуметтік жағдайын;

  • Қазақстанның мемлекеттік тілін;

  • Қазақ хандығының негізін қалаған, қолбасшылық жасаған хандарының тарихтағы орнын;

  • Қазақ халқының сөз шеберлері, көсемдері, билері жайлы;

  • Ел қорғаған халық батырлары, Кеңес Одағы батырларының ерлік істерін;

  • Ұлы ғалым, ойшылдары жайлы;

  • Қазақ тілі мен әдебиетін қалыптастырушы алты алаш арыстарының ғылымды дамыту жолдарын;

  • Қазақстанның тарихи қалаларының тарихын;

  • Қазақстанның астаналарының тарихын;

  • Кеңес заманындағы ғылым мен техниканың дамуына үлес қосқан ғалымдардың шығармашылығын;

  • Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тарих беттерінен тарихи деректерді;

  • Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін ;

  • Қазақстанның тұңғыш Президентінің өмір жолын;

  • Қазақстанның табиғи және мәдени ескерткіштерін;

  • Қазақстанның экологиялық мәселелерін;

  • Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын және т.б. көптеген мәліметтерді.

^ 1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері

Пәнді оқытудың мақсаты:

«Қазақ тілі» пәні бойынша жазылған кешеннің басты мақсаты – туып-өскен елін таныту, мемлекеттік тілді қатысымдық қырынан меңгерту, оның тұрмыс-тіршіліктегі қолданылу деңгейін жоғары дәрежеге жеткізу, инженер мамандардың ұлттық техникалық ғылымның дамуына тікелей өз үлестерін қосуларына бағыт беру, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін жақсартуға дағдыландыру, өздерінің болашақ мамандықтарымен кәсіби бағытта жұмыс істеулерін қалыптастыру.

Білікті мамандар дайындау үшін жаңаша оқытудың маңызының ерекшелігіне көз жеткіздіру, мамандыққа қатысты оқытудың сапасын арттыру, студенттердің өздігінен жұмыс жасап, еңбек етулеріне, оларды сапалы білім алуға баулу, ізденуге жол көрсету, еліміздің жоғары квалификациялы мамандары болып шығатындықтарына сенім арту.

Студенттер өздерінің туып-өскен Қазақ елінің даму тарихын, қалыптасу сатыларын, оның басты ұлттық құндылықтарын, мәдени және табиғи ескерткіштерін, мәдениетін, өнерін, ғылымын, ұлы тұлғаларын, ойшыл даналарын, өркениетке өрлеу жолын, Қазақстанның тәуелсіздік шежіресін, тағы да басқа толып жатқан жан-жақты салаларын білулері керек. Олар мемлекеттік тілдің ерекшелігін жете түсініп, сауатты жазып, сауатты сөйлеу дәрежесіне жетуге міндетті.

Ұсынылып отырған кешенің мақсаты да осы айтылған талап-тілектерден шығу, қазақ тілі бойынша мектептен алған білімдерін тереңдету, толықтыру, оны оларға әр қырынан меңгерту, жұмыстағы берілген сан-салалы тапсырмаларды орындатқызу арқылы белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу.

^ 1.7. Пәнді оқытудың міндеті:

Осы мақсаттарды жүзеге асыруда қойылатын міндеттер:

- жұмыс орнында, өндіріс орындарында, әлеуметтік ортада қазақша қарым-

қатынасқа үйрету;

- аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді, терминологиялық

сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;

- қазақша дұрыс сөйлеу әуезділігіне жету, сауатты жазуға дағдыландыру;

- қазақ тілінің қолданылу жағдайларын айыра білуге үйрету;

- қазақ тіліндегі жарнамаларды, іс-қағаздарды, мамандыққа байланысты

әдебиеттерді оқып, түсіне білу қабілетін қалыптастыру;

- оқылған мәтінді аударып, сөздіктермен жұмыс істей отырып, оның

мазмұнында берілген ойды ауызша айту, ойды жазбаша құра білу дағдысын

қалыптастыру.
^ 1.8.Тапсырмалардың түрлері және оларды орындау мерзімі



Бақы-

лау

түрі

Жұмыс

түрі

Жұмыстың тақырыбы

Әдебиет-тер тізімі

Тап-сыру

уақы-ты

1

2

3

4

5

6

1.

Ағым-

дық

бақы-

лау

1. Реферат

2. Реферат
3. Реферат
4. Реферат
5. Реферат


6. Реферат
7. Реферат

8. Реферат

Қазақ тіл білімінің қалыптасуы (Абай, Ыбырай, Қ. Жұбанов-тардың тіл туралы айтқан сөздері).

Тәуке хан. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».

Қазақ халқының шешендік өнері.

Наурызбай батырдың ерлігі.

Ұлы Абай мен Ыбырай шығармалары арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі.

Көрнекті ақын, аудармашы – Мағжан Жұмабаев.

Ежелгі ортағасырлық көне қалалардың бірі – Тараз қаласы.

Қ.Сәтбаев және Қазақстан ғылымының дамуы.




1-апта

2-апта
3-апта
4-апта
5-апта


6-апта
7-апта

8-апта

2.

I-ші Ара-лық бақы-лау

тест







8-апта

3.

Бақы-лау-дың басқа түр-лері

9. Реферат

10. Реферат

11. Реферат
12. Реферат

13.Баяндама
14. Реферат
15.Шығарма

Евней Букетовтың ғылымдағы ашқан жаңалықтары.

Қазақстанның бүгінгі таңдағы музыка өнерінің, мәдениетінің дамуы.

Қазақстанның жоғары оқу орындары.

Тәуелсіздік декларациясы.

Болашақ – ғылым мен білімде.

Байқоңыр экологиясы. Ауа экологиясы. Ауаны қорғау.

Қазақ халқының қонақ күту дәстүрі.




9-апта

10-апта

11-апта
12-апта

13-апта
14-апта
15-апта


4.

II-ші Ара-лық бақы-лау.

Қоры-тын-ды бақы-лау:

тест

емтихан







15-апта

^ 1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:


  1. Жолдасбеков М., Салғараұлы Қ., Сейдімбек А. Елтұтқа. Астана: Күлтегін, 2001.

  2. Қуандық Е.С. Қазақстан тарихы. Алматы : Дәуір, 2009.

  3. Қазақстан энциклопедиясы. Алматы, 2006.

  4. Көпейов М. Қазақ шежіресі. Алматы: Жалын, 1993.

  5. Қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлері, Алматы, 2006.

  6. Жамбылов Д. Тәуелсіздік және саяси сана. Алматы: Жеті жарғы, 1999.

  7. Қазақ хандығы. Алматы: Аруана, 2006.

  8. Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға 70 жыл. Алматы: Эверо, 2004.

  9. Асқаров М. Қазақ халқының мұрасы. Алматы: Атамұра, 1996.

  10. Интернет желісінен алынған ақпараттар.


Қосымша әдебиеттер:


  1. Қалетаев Д. Қазақстан – болашаққа ұмтылған ел. Алматы, 2001.

  2. Шеретов С.Г. Қазақстанның жаңа тарихы. Алматы: Юрист, 2000.

  3. Сәрсенбаев Н. Алматы мұражайлары. Алматы, 1989.

  4. Қазақ ұлттық спорт түрлері. Алматы, 1990.

  5. ҚР мәдени және тарихи ескерткіштер жиынтығы, Алматы, 2002.

  6. Қазақ мәдениеті. Алматы: Аруана, 2005.

  7. Нұрпейісова М. Машановтың ғылыми мектебі. Алматы, 2006.

  8. «Рас» журналы. ҚазҰТУ-ға 75 жыл. Арнайы шығарылым. Қараша, №8 (94). Алматы, 2009.

  9. Үпішев Е.М., Мұқаев С. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау. Алматы. Экономика баспасы: ЖШС, 2006.


^ 1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың барлық курс пен барлық пәндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады. Пайыздық-рейтингтік жүйеде іске асырылатын білімді бағалау туралы мәліметтер бақылаудың барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.

Қорытынды бақылау кезінде мамандық бойынша жұмыс оқу жоспарымен сәйкес пайыз бөлудің (1-кесте) үш нұсқасының бірі ғана таңдалынып алынады.

Мамандық бойынша оқу жұмыс жоспарына енгізілген әрбір пәннің рейтингі қорытынды бақылауға тәуелсіз 100 пайыздық шкаламен бағаланады.

Әрбір пәнге келесі бақылау түрлері белгіленеді: ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау.

Ағымдық бақылау түріне: бақылау жұмысы, реферат, семестрлік тапсырма, коллоквиум, лабораториялық жұмыстарды орындау және басқалар жатады. Қорытынды бақылау түріне байланысты бақылау түрлерінің балдық көрсеткіштері қолданылады (1-кесте).

^ Бақылау түрлері бойынша пайызға % бөлу



Қорытынды бақылау түрі

Бақылау түрлері

Пайыз %

1

Емтихан

Қорытынды бақылау

Аралық бақылау

Ағымдық бақылау

100

100

100



^ Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша

күнтізбек кестесі

«Қазақ тілі» пәні бойынша

1-кесте

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

^ Бақылау түрлері

ЛТ

ЛТ

ӨЖ

ЛТ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13



Скачать файл (2110 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации
Рейтинг@Mail.ru