Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  


Загрузка...

Шпоры по казахскому языку для профессиональных целей - файл 1.docx


Шпоры по казахскому языку для профессиональных целей
скачать (40.3 kb.)

Доступные файлы (1):

1.docx41kb.04.12.2011 09:36скачать

содержание
Загрузка...

1.docx

Реклама MarketGid:
Загрузка...
1.Қазақстандағы ірі компаниялардың бірін жарнамалаңыз. Сіз мазасыз жүрсіз бе? Балаларыңызды ойлап, олар қай жоғары орынды бітіруге мүмкіндігі болар деп ойлап жүрсіз бе? Біз сізге көмектесеміз. Бізбен бірге балаларыңыз әлемдегі ең үлгілі жоғары орындарды бітіруге мүмкіндігі бар. Сіз кәрі болғаныңызда өз үлкен үйінің алдында немелеріңізбен бірге шәй ішуге армандайсыз ба? Бізбен бірге,сізде үлкен үйді сатып алуға ақшаңыз болады. Бірақ... немелеріңізбен көмектесе алмаймыз. Сіз жақын достарыңызға болған елдерден кәдесый алып келуді армандайсыз ба? Бізбен бірге, достарыңыз әр елдердің ерекшеліктерің біліп отырады. Бізбен бірге, сіздің армандарыңыз ақиқатқа айналады. Біз сиқыршы емеспіз, біз Аяз Атада емеспіз. Біз тек қана сізге көмектесетін банкпыз. “KazKom”

^ 2. Мына сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: экономика, менеджмент, ақша аудару, теңге, ақша айналысы. Мен экономика және бизнес факультетінің студентпін.Менеджмент XX ғасырдың басында қалыптасқан.Компаниялар, фирмалар мен ұйымдардың көпшілігі жалақыны өз қызметкерлеріне тікелей банк шотына ақша аудару арқылы төлейді.Теңге – Қазақстанның ұлттық ақша өлшемі. Ақша айналымы – бұл ақша белгілерінің бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы.

^ 3.Тәуелсіз Қазақстанның экономикасы (эссе). Қазақстан тәуелсіздікті алған уақытта, экономикасы орнықсыз жағдайда болды. Осы жылы біздің тәуелсіздігімізге 20 жыл толды. Қазір біз атқарылған жұмыстың нәтижелерін көріп отырмыз, соған қарап біз болашаққа мақсаттарды қоямыз. Сол мақсаттарға жету үшін, біз нарықтық қатынастарды құрастыруға мүмкіндік жасаумыз керек. Бірақ тарихтар іздер бойынша,нарықтық экономика мемлекеттік реттеусіз жұмыс істе алмайтығын байқай аламыз. Бірақ өйткенмен біздің табыстарымыз өте үлкен. Жалпы iшкi өнiмнiң деңгейi үлкейдi. Халықтың экономикалық жағдайы жақсарды. Біз экономиканы дамыйтын жолдамыз, бііздің алдымызда әлі үлкен мақсаттар тұр. Бізге біз қуатпыз.

^ 4.Жұмыссыздықтың түрлерін жазыңыз. Жұмыссыздықтың осындай себептерін экономикалық әдебиеттерде мынадай түрлерге бөледі:Фрикциондық жұмыссыздық. Бар вакансия туралы толық ақпарат немесе осы ақпарат тым қымбатқа түскен кезде, жұмыс-керлер мен жұмыс орындарының арасында қашан болмасын белгілі сәйкессіздік болады. Сондай-ақ жұмыскерлер өздеріне ұнайтын жұмыс орнын, ал жалдаушылар белгілі квалифика-циясы бар жұмысшы күшін табу үшін де уақыт керек. Бұл да фрикциондық жұмыссыздықтың негізін құрайды.Құрылымдық жұмыссыздық. Экономиканың дамуы құры-лымдық жұмыссыздық тудырып отырады: жаңа технологиялар, жаңа тауарлар пайда болады. Капиталдар нарығында сұраныс құрылымында өзгерістер орын алып отырады. Осының нәти-жесінде жұмысшы күшінің профессионалдық-квалификациялық құрылымы арасында аймақтық және салалық қайта бөлінулер жүреді. Бұл топқа әдетте төмен квалификациялы немесе «ескір-ген» мамандығы бар жұмыскерлер жатады және ол экономи-калық жағынан артта қалған аудандардың халқын қамтиды.

^ Маусымдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің кейбір сала-ларындағы (ауылшаруашылығы, құрылыс, т.б.) өндіріс көлемінің маусымдық ауытқуымен байланысты болады. Бұларда жыл бойында еңбекке сұраныс елеулі өзгеріп отырады.Циклдық жұмыссыздық. Бұның негізін экономикалық құлдырау мен сұраныстың жетімсіздігі, өнімнің шығарылуы және жұмыспен қамтудың көлемдерінің циклдық ауытқулары құрайды.

5. Терминдердің қазақша анықтамасын жазыңыз, сөйлем құраңыз: мемлекеттік ақша бірлігі, валюта, нарық, халықаралық валюта жүйесі, қолма-қол ақша нарығы, тауар, ақша эмиссиясы. Валюта – мемлекеттік ақша бірлігі. Валюта – 1) елдің ақша бірлігі; 2) шетел мемлекеттерінің ақша белгісі және олардың несиелік,төлемдік құралдары; 3) халықаралық төлем – есеп айырысу айналасындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың ерекше әдісі. Халықаралық валюта жүйесі – сыртқы нарықта орталық эмиссиялық банктер қызметін реттейтін мекемелердің заңдары, ережелер жинағы. Егер операциялар ағымдағы бағалар бойынша жүрсе, немесе шығатын мiндеттемелердiң дерелген орындауымен болса, онда сондай нарықты қолма – қол ақша нарығы деп атайды. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығару-дың заңды түрде бекітілген тәртібі. Нарық – бұл ұдайы 

өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық-экономикалық қатынастардың жүйесі. Тауар – еңбектің өнімі, оны екінші бір затқа, тауарға айырбастау үшін шығарады. Эмиссия – мемлекет тарапнан банкноттердің, тиындердің, бағалы қағаздердің шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қол ақшасыз түрінде де болу мүмкін. Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге. Мемлекеттік ақша бірлігі – бұл заң шығару ретiнде қойылған ақшалай нығаны. Қаржы нарығы – құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар мен мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы.Халықаралық валюта жүйесі талаптардың реттеуi және берешектi өтеу үшiн әр түрлi ұлттық валюталардың айырбасының жүйесi. Ақша дегеніміз – құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар.Ұлттық банк ақша эмиссияны орындауы керек.

^ 6.Іскери серіктесіңізді көпшілікке таныстырыңыз. Сәлеметсіз бе, құрметті достар, қадірлі әріптестер және аңсап күткен қонақтар! Бүгін біздің кәсіпкерлігімізге 5 жыл толды. Біз көптеген мақсаттарға жеттік. Бірақ бізді әлі көптеген жетістіктер көтіп түр. Бүгін біздің кәсіпкерлігіміздің маңызды күні. Бүгін бізде мерейтой. Бірақ бізде тағы өте маңызды жаналық бар. Біз жаңа деңгейге шықтық. Бүгін мен сендерге біздің жаңа серіктесімізді таныстырғым келіп түр. Біздің серіктесіміз бізге жаңа есіктерді ашуға мүмкіндік береді. Осы серіктестік бізге жаңа өнім аймағын үлкейтеді. Енді қызу қол шапалақпен біздің жаңа серіктестігімізді қарсы алайық. Ол “CenterCredit” банкінің бас директоры.

^ 7.Нарықтық қатынастардың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы жазыңыз.

Артықшылықтары:

  • Өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемділік;

  • Шығындарды азайту, пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды шұғыл қолдану;

  • Шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

  • Түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабілеті.

Кемшіліктері:

  • Нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді, сонымен қатар, нарықтық жүйе теңсіздікті туғызады;

  • Нарық тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырмайды;

  • Әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдердің сұранысын қанағаттандыруға бейімделген.

^ 8.Мына сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: металл ақша, несие ақша, ақша айналымы, ұлттық ақша өлшемі, ақша айналымы, қағаз ақша. Ақша өзінің тарихи даму эволюциясында мынадай кезең-дерден өтті: 1) металл ақша; 2) қағаз ақша; 3) кредит ақша; 4) электронды ақша. Несие ақшаны банкте алуға болады. Дүние жүзінде мемлекеттің заңымен бекітілген әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар. Ұлттық ақша өлшемілерге доллар, франк, теңге,сом, марка, иена, крона және т.б. жатады. Қағаз ақша мемле-кеттің сатып алу және төлем қаражаттарына қажеттілігін қана-ғаттандыру үшін арналған.

^ 9.«Адамның жеке құқығы мен бостандықтары» тақырыбына эссе жазыңыз. Адамның жеке басының қоғамдағы жағдайы – мемлекеттің даму деңгейін білдіретін көрсеткіш. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа заңдарында азаматтардың бас бостандығын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылған. Егер өзінің өміріне, денсаулығына, қадіріне нұқсан келетін жағдай болса, адам мемлекеттік органдардан қорғаныс іздеуге, заң бойынша көмек сұрауға, президенттің өзіне шағым етуге құқылы.Адамның ең қарапайым да табиғи құқығы – өмір сүру құқығы. ҚР Конституциясы бойынша ешкімнің өз бетінше азаматты өмір сүру құқығынан айыруға, адам өмірін жоюға хақысы жоқ. Бұл тұрғыда ҚР Конституциясы тұжырымдары «Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясында» көрсетілген бағыттарға сәйкес келеді.Адамның жеке басының бостандығы мен ажырағысыз құқықтарын Конституция қорғайды. «Ешкімді азаптауға, оған зорлық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық абыройын қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды» деп көрсетілген Қазақстан Республикасы Конституциясында.Ең маңызды құқықтарының ішінде меншік иесінің құқықтары жатады. 

Өйткені әр адамның өз меншігі бар, сондықтан оны сақтау үшін мемлекет меншік құқықтар орнатты. Меншік құқығын төмендегі-дей үшке бөліп қарастыруға болады: а) ие болу құқығы; ә) пай-далану құқығы; б) өкімдік құқығы.

^ 10.Қазақстан экономикасының артықшылықтары мен кемшіліктерін санамалап жазыңыз.Менінше, біріншіден артықшылықтарға біздің эклономикалық қордың байлығы кіреді. Өйткені ТМД бойынша еліміздегі мұнай қорының үлесі 6-10% құраса, марганец қорының 13% шоғырланған.

Вольфрам қоры бойынша әлемде Қазақстан бірінші, фосфор рудасы бойынша – екінші, ал қорғасын мен молибден бойынша – төртінші орында тұр. Менделеев кестесіндегі 60-тан астам ең белгілі элементтер де Қазақстан жерінен табылған. Екіншіден, біз экономиканы өз ерекше үлгімен құруға тырысамыз. Бірақ бізде кемшіліктер де бар. Біздің экономикамыз экспорттық саясатқа жолдауған. Біз бірнеше ғасыр бойы өз шикізатымызды басқа мемлекеттерге сатып жүрміз. Бірақ шикізат халықаралық нарықта арзан тұрады, немесе дайын өнім. Екінші кемшілігіміз, бұл біздің жемқорлығымыз. Егер біз жақын болашақта жемқорлықты женіп кетсек, сол жағда экономикамыз жаңа деңгейге шығады. Менім пікірімше, тағы бір кемшілікті байқауымыз керек. Ол әлеуметтік теңсіздік. Егер біз кемшіліктерді жоқ қылсақ, біздің экономикамызды дамуға үлкен мүмкіндік бар.

^ 11.Мына сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: теңге, банк, банк жүйесі, ақша аударылымы. Теңге – Қазақстанның ұлттық валютасы. 2001 жылы ТуранӘлемБанк Қазақстандағы екінші ірі банк болып танылды. Қазақстан банк жүйесі азғана уақыт ішінде өте серпінді дамыды. Қазіргі уақытта ақша аударылымы операциясы әр банкіде жүргізіледі.

^ 12.Экономикалық терминдерді пайдалана отырып банк жүйесіне қатысты эссе жазыңыз. Банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырағысыз құрылымы. Банктер нарықтық экономикада ең басты қаржылық делдалдар болып табылады. Банк жүйесіне қоғамның барлық ақша қорлары, атап айтқанда, мемлекеттің қаражаты, шаруашылық буындардың қаражаты, халықтың жинақ ақшасы, т.б. жинақталады. Банк жүйесі өндіріс шыққанда, Англия мен Францияда пайда болды. Күрделі өндіріс көп ақшаны өндіруге керек етеді, сондықтан экономикада банктер пайда болды. Банкпен өндіріс өте тығыз байланысқан. Бірақ жыл сайын банк жүйесі жақсырып жатыр. Қазіргі заманда банк жүйесі көптеген жеткіліктерге жетті. Барлық адамдар банк қызметтермен қолданады, сондықтан біз банк – ғасырдың ең маңызды ашылуылардың бірі деп санауымыз мүмкін.

^ 13.«Қоғам және экономика». Қоғам және экономика тығыз байланысқан. Экономика қоғамсыз дұрыс жұмыс істе алмайды. Сондықтан мемлекет экономикалық құқықтарды шығарды.Адамға экономикалық құқықтар мен бостандықтар өзінің мүмкіндіктерін материалдық өндіріс және оның өнімдерін пайдалану саласында, сонымен қоса, жеке басының рухани қажетін өтеуі үшін қажет. Азаматтардың бұл салалардағы құқықтары мен бостандықтарын пайдалануға қажетті бір шарт бар. Ол – ел экономикасын өз деңгейінде дамыту. Өйткені қуатты экономика болғанда ғана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың негізі қаланады.

^ 14.Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: ақша шығындау, бағасы шарықтап тұр, бағаның күрт өсуі, ұлттық теңге тарихы, нарықтың құлдырауы. Ақша шығындау қазіргі заманның ең басты мақсаты. Инфляцияның саны үлкейсе, сол жағдайда тауарлардың бағалары шарықтап тұрады. Егер тауарға сұраныс үлкейсе, сонда тауарлардың бағалары күрт өсуіге мүмкіндігі бар. Ұлттық теңге тарихы 1993 жылдан басталды.Егер Мемлекет нарыққа ықпал жасамаса, онда нарықтың құлдырауын көруіміз мүмкін.

^ 15.«Дүниежүзілік сауда ұйымы» тақырыбына эссе жазыңыз. Дүниежүзілік Сауда ұйымының басқару құрылымы Женева қаласында.Ұйымға мүше мемлекеттер саны 130-дан асады. Олардың қатарында қуатты мемлекеттерден – АҚШ, Жапония, Албания елдерімен бірге аты – жөні көпшілікке таныс емес,картадан іздеп табудың өзі қиын елдер – Денмарк, Гамоа сияқты республикалар да бар. ТМД елдерінің ішінде Қырғызстан, Грузия, Молдова осы ұйымға мүше. Әзірге ұйымға мүше болуға ойланып отырған мемлекеттер қатарында Әзірбайжан, Белорусь, Қазақстан, Ресей, Украина және Өзбекстан. Ұйымға мүше болған елдер өндіретін шикізатты, дайын өнімді, жұмыс 

қолын, әр түрлі қызмет көрсету мен ой еңбегін ұйымға мүше елдерге еш кедергісіз шығаруға мүмкіндік алады. Және олар ДСҰ – ның ережесі бойынша әлемдік сауда аймағындағы ортақ тәртіпке бағынуы керек.

^ 16.Қазіргі Қазақстан экономикасы туралы өз көзқарасыңызды жазыңыз. Қазіргі Қазақстан экономикасы жағдайы нашар емес.Осы жылы бірнеше өндірістік кәсіпкерліктер ашылды. Бұл даму жағдайының көрсеткіші. Біз 2010 жылы ОБСЕнің төрағасы болды. Ол да біздің көрсеткіші. Қазіргі дағдарыс жағдайда Қазақстанның экономикалық саясаты қоғамға көптеген пайдылықты әкеледі. Мысалы «Дорожная карта». Ол жұмыссыздықтың саның және инфляцияның мөлшерін азайтты. Көптеген мемлекеттік кәсіпкерліктер ашылды. Қазір біз басқа елдермен қарым-қатынастарды күшейтіп жатырмыз. Ол бізге көптеген мүмкіндіктерді ашты. Жас адамдар басқа елдерде білім алуға мүмкіндіктер ашылды.

^ 17.Мына сөздермен және сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз: банк, банк жүйесі, халықаралық туризм. 2001 жылы ТуранӘлемБанк Қазақстандағы екінші ірі банк болып танылды. Қазақстан банк жүйесі азғана уақыт ішінде өте серпінді дамыды.ХІХ ғасырдың назы –Халықаралық туризм.

^ 18.«Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы және Қазақстан» тақырыбына эссе жазыңыз. Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға 1992 жылғы қаңтардың 30-ында кірді. Осы жылғы шілденің 8-інде республика ЕҚЫК-нің Хельсинки қорытынды актісіне, ал қыркүйектің 23-інде – Жаңа Еуропа үшін Париж хартиясына қол қойды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды. Осыны ескере отырып, еліміз сыртқы және ішкі саясатта теңдестірілген амал-көзқарастар пайдасына саналы түрде таңдау жасады. Көпжақты әріптестік, экономика мен қоғамды ырықтандыру стратегиясы сол амалдардың өзегіне айналды. Батыстың жетекші елдерінің Ұйымға кіруге шақыруы Қазақстанда еуропалық қауіпсіздіктің тең құқылы және бөліну сызықтары жоқ жағдайлардағы жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған қадам ретінде қабылданды.Жалпыеуропалық кеңестің толыққанды қатысушысына айналған Қазақстан оны одан әрі дамыту, сонымен бірге халықаралық ұйым болып қайта құрылуы үдерісіне белсене қатысты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Хельсинкиде (1992 ж.), Будапештте (1994 ж.), Лиссабонда (1996 ж.) және Стамбұлда (1999 ж.) өткен саммиттерінің жұмысына қатысты. ЕҚЫҰ Министрлер Кеңесінің жылсайынғы отырыстарына Қазақстан атынан сыртқы саясат ведомствосының басшысы өкілдік етеді. Қазақстандық парламентшілер Ұйымның Парламенттік ассамблеясының жұмысына белсенді қатысуда. Соңғы бірнеше жыл бойында Қазақстан ЕҚЫҰ-ның бірқатар ірі шараларын өткізді, олардың арасында:

«Адам саудасына қарсы күрес – өңірлік жауап» атты өңірлік Орталықазиялық конференция (Астана, 2006 ж. 18-19 мамыр);

Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шарт бойынша ІІІ шолу конференциясында Қазақстанның төрағалық етуі (Вена, 2006 ж. 29 мамыр – 2 маусым);

ЕҚЫҰ-ның жоғары деңгейдегі «Мәдениетаралық, дінаралық және этникааралық түсінік» атты Кеңесі – Толеранттық жөніндегі кеңес (Алматы, 2006ж. 12-13 маусым);

«Минасыздандыру саласындағы сенім шаралары мен өңірлік ынтымақтастық» атты өңірлік семинар (Алматы, 2007ж.26-27 наурыз);

ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының 17-ші жылсайынғы сессиясы (Астана, 2008 ж. 29 маусым – 3 шілде);

басқалар.

2007 жылғы қарашада ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің Мадридтегі кездесуінде Қазақстанның Ұйымға 2010 жылғы төрағалығы туралы шешім қабылданды.

^ 20. Ақша массасы, ақша айналымы, ұлттық ақша, ұлттық ақша өлшемі, ақша белгісі – терминдеріне сөйлем құрау. Ақша массасы дегеніміз – қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың жиынтығы. Ақша айналымы – 

бұл ақша белгілерінің бір заңды немесе жеке тұлғадан екіншісіне үздіксіз қозғалысы. Теңге – Қазақстанның ұлттық ақшасы. Ұлттық ақша өлшемілерге доллар, франк, теңге,сом, марка, иена, крона және т.б. жатады. Қауіпсіздік үшін ақшаға ақша белгілерді басады.

22.Еңбек, жұмыс, жұмыссыздық, еңбектің бағасы, еңбек нарығы, маусымдық жұмыссыздық, фрикциондық жұмыссыздық, өндірістердің жабылуы, ұлттық табыстың төмендеуі терминдерін қатыстырып сөйлем құраңыз. Жұмыссыздық еңбек нарығының бөлінбес элементі болып табылады. Еңбектің бағасы – ол тіршілік дәрежесінің, әлеуметтік мәртебенің, жұмыскердің және оның отбасының аман-есендігі-нің бағасы, құны болып табылады. Өндірістердің жабылуы адамдарды жұмыссыз қалдырады. Егер жұмыссыздықтың мөлшері үлкейсе,ондай ұлттық табыстың төмендеуің байқаумыз мүмкін. Еңбек тауар болып табылады,оның табиғи бағасы болады.Маусымдық жұмыссыздық ауылшаруашылық немесе құрылыс саласында пайда болады. Фрикциондық жұмыссыздық - қысқа мерзiмдi қолы бостық, уақытша жұмыстың жоқтығын белгілейді.

^ 25. Сақтандырудың түрлеріне сипаттама беріңіз. Міндетті сақтандыру – заң талабының күшімен жүзеге асырылатын сақтандыру. Ерікті түрдегі сақтандыру – екі жақтан да өз еркімен жүзеге асырылатын сақтандыру.Азаматтың жеке басына байланысты өз өмірін, денсаулығын, жұмысқа қабілеттілігі және басқа да мүдделерін сақтандыруы жеке басын сақтандыруға жатады.Мүлікті сақтандыру мен сол мүдделерге байланысты, азаматтық-құқықтық жауапкершілік және кәсіпкерлік тәуекелдікті қосқанда – мүліктік сақтандыруға жатады.Мемлекеттік сақтандыру ұйымдары шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын түрінде құрылады. Мемлекеттік емес сақтандыру ұйымдары акционерлік ұйым немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде, құрылтай-шыларды таңдау бойынша құрылады.

^ 29.Металл ақша, қағаз ақша, кредит ақша, электронды ақша – терминдерге анықтама беріңіз және сөйлем құраңыз. Металл ақша – бұл металдан дайындалған, заң бойынша белгіленген нысаны, сыртқы түрі, салмақ мөлшері бар ақша белгісі. Қағаз ақша – шын ақшаның өкілдері. Қағаз ақша мемле-кеттің сатып алу және төлем қаражаттарына қажеттілігін қана-ғаттандыру үшін арналған. Кредит ақша – айналымдағы толық бағалы ақша орнына қолданылады. Тауарларды сатып алу бойынша ірі мәмілелерге банкілердің кредиттер беруі қағаз ақшаны ауыстырады, яғни кредит ақша тауар айналысы қажеттілігін қанағаттандырады. Электрондық төлемдер бүгінде тиімді болып отыр. Дүкендердің көпшілігі тұтынушыға пластикалық карточкалардың көмегімен сатып алуға мүмкіндік береді, қажетті сома тауарды төлеу үшін сіздің шотыңыздан бірден алынады.Металл ақща ақша эволюцияның бірінші баспалдағында тұрады. Қазір біз қағаз ақшаларды қолданамыз. Қазіргі заманда кредит ақшалар көптеген мұқтаж адамдарға көмектеседі. Адамдар электронды карталармен өз электронды ақшаларды тексереді.

^ 32. Валюта, валюта нарығы, валюталық саясат, валюталық демпинг, дисконттық саясат, валюталық шектеулер – терминдеріне сөйлем құраңыз, анықтамасын жазыңыз. Валюта – 1) елдің ақша бірлігі; 2) шетел мемлекеттерінің ақша белгісі және олардың несиелік, төлемдік құралдары; 3) халықаралық төлем – есеп айырысу айналасындағы ұлттық ақшаларды пайдаланудың ерекше әдісі.Валюта нарығы – әр елдің валюталары сатып алынатын, сатылатын нарық.Валюталық демпинг – ұлттық валюта бағамының динамикасын реттеу мақсатымен орталық банктің шетел валютасын сатып алуы (сатуы). Валюталық шектеулер – отандық экономиканы, ұлттық валютаны қорғауға бағытталған шаралар. Бұл валютамен, алтынмен және басқа да валюталық құндылықтармен жүргізі-летін операцияларды заң жүзінде немесе әкімшілік жолмен шектеу деген сөз. Шаруашылықпен айналысудың әлемдік тәжірибесінде дис-контты саясат кеңінен қолданылады. Ол шетелдік капиталдар-дың келуіне жол ашады, нәтижесінде төлем балансының қалпы жақсарып, валюта бағыты өседі. Қазақстанның валюталық саясаты ҚР-ның «Валюталық реттеу туралы» Заңында көрсетілген. Валюта бағытының маңызды экономикалық мән-мағынасы оны мемлекеттік тұрғыдан реттеп отыруды алдын-ала анықтайды. Халықаралық валюта жүйесі талаптардың реттеуi және берешектi өтеу үшiн әр түрлi ұлттық валюталардың айырбасының жүйесi. Валюта нарығы - бұл 

сауда-саттықтың операциялары бойынша орнықты экономикалық және ұйымдастыру операцияларының жүйесi. Валюталық саясат - экономикалық, заңға сүйенген және ұйымдастыру шаралары және формалардың жиынтығы.Тұрақты валютаны өндіруші валюталық демпингте сатып ала алады. Дисконттық саясаты Ұлттық банкнің жұмысы. Қазақстан Республикасының заңы негiзгi валюталық шектеулер орнатады.

^ 35.Нарықққа қатысты 10 мақал-мәтел жазыңыз. 1. Әкімің дұрыс болмаса, жұрт бұзылады, саудаң дұрыс болмаса, нарық бұзылады. 2.Сауда түбі – борыш, шаруа түбі – кеніш. 3.Теңге тиынна өсер,Жылқы құлыннан өсер. 4.Есепсіз дүние жоқ. 5.Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 6.Тамшыдан тама берсе дария болар. 7.Судың да сұрауы бар. 8.Есептемегенге бәрі түгел.9.Жаман қойшы жайлауынан бір күн жейді, Жақсы қойшы жайлауынан мың күн жейді.10.Шашу оңай, жинау қиын.

37.Өндіруші, тұтынушы, ұсыныс, баға, экономикалық оңашалану, жұмыс күші нарығы, құнды қағаздар нарығы – терминдерінің анықтамасы және сөйлем құрау. Өндiрушi - бұл тауар немесе қызмет өндiрумен немесе жасаумен шұғылданады.Тұтынушы – бұл өндірілген тауар немесе қызметтерді тұтынуы. Ұсыныс - тауар өндiрушiнiң мiнез-құлығы базарға шағылатын ұғым. Баға - дүкеншi ауыс-түйiстесiне (сату ) тапсыруға дайынған қазына сан. Субъекттердiң экономикалық оңашалану факторлар және өндiрiстiң нәтижелерiне меншiк сияқты айқындалады. Жұмыс күші нарығы – бұл экономикалық жүйеге еңбек ресурстердi қозғалыстың қоғамдық-экономикалық формасы, жұмысшы күштiң қосындысының әдiстерi. Құнды қағаздар нарығы- бұл құнды қағаздар сатып және сатылып алынатын нарық. Нарықтық экономиканың бірінші және өте маңызды элементі –өндірушілер мен тұтынушылар. Ұсыныс пен сұраныс нарықтық экономиканың 4-ші элементі. Тауардың бағасы нарықпен анықталады. Нарықтық экономиканың екінші элементін өндіріс орындарының корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды. Жұмыс күшi нарығы нарықтық шаруашылықтың ажырамас бөлiгi болып табылады. Қазастанда құнды қағаздар нарығы әлі дамып жатыр.

^ 38.«Баға» сөзіне қатысты 10 тұрақты тіркес жазыңыз.. Еңбектің бағасы, базар бағасы, өзіндік баға, тұрақты баға, баға белгілеу, бағасын кесу, бағаны босату, бағасын айту, қымбат бағасына, қатаң баға.

^ 40.Бағалы қағаздар түрлерін жазып шығыңыз. Вексель – бұл онда белгіленген соманы вексель айналы-сының заңы бойынша белгіленген мерзімде сөзсіз төлегендігі жөніндегі мерзімді ақша міндеттемесі. Чек – ішкі айналыста банктерден қолма-қол ақша алуға, тауарлар мен көрсетілген қызметтерге есеп айырысуға, банктердегі шоттар бойынша аударым жасауды жүзеге асыруға пайдаланылады. Акция - акционерлiк қоғаммен басқарудағы қатысу құқығын оның иесi және дивидендтердiң формасындағы пайданың бiр бөлiгiнiң алу құқық көрсететiн эмиссиялық бағалы қағаз. Облигация - оның эмитентi бойынша капиталды бекiтiлген соманы ұстаушыға төлеуге мiндет артатын бағалы қағаз. Фьючерс – тұрақты баға арқылы белгілі бір құжатпен сату-сатып алуды жүргізуді куәландыратын бағалы қағаз.

^ 41.Мегаэкономика, аймақтық экономика, Қазақстан экономикасы, экономикалық даму – терминдеріне талдау жасап, сөйлем құраңыз. Аймақтық экономика – бұл өндірістің аймақтық ұйымын зерттейтін экономикалық ғылымның саласы, ол жеке аймақ-тардың шаруашылығының нарықтық дамуымен және оларды Қазақстанның бір экономикалық кеңістікке енгізуімен байла-нысты экономикалық құбылыстар мен әдістерді зерттейді. Мегаэкономика халықаралық қатынастардың әр түрлі формаларын зерттейді. Қазақстан экономикасы жыл сайын 9-10 пайыз қарқынмен өсіп келеді. Экономикалық дамуды дұрыс жүргізу үшін Қазақстанда барлық мүмкіншіліктер бар.

^ 43. Экономика, экономикалық жүйе, экономикалық қор, экономикалық қатынастар, маркетинг, болжау, тұтыну процесі терминдерін қатыстырып сөйлем құраңыз. Экономикалық қатынастар экономикалық жүйесінде маңызды қызметті атқарады. Экономикалық жоспарды дұрыс қабылдау үшін, кәсіпорын экономикалық қордың деңгейін болжау керек. Маркетинг тұтыну процесті көбейтуге көмектеседі.



^ 46. Экономикаға қатысты 5 нақыл сөз жазыңыз. Экономика – қаһарлы ғылым.Т. Карлейль

Экономика неғұрлым еркін болса, соғұрлым әлеуметтік болады. Эрхард

Экономистер мен саяси ойшылдардың идеялары кейде дұрыс, кейде бұрыс – алайда тек солар ғана дүниені шырқ айналдыра алады. Дж. М. Кейнс

Экономикалық сырқаттың басты себебі – кредитті ойланбай беру болып табылады. ^ Альфред Маршал

Экономика – өмірдің барлық салаларын жақсылық жағына қарай өзгертудің мүмкіндіктеріне жеткізетін адамзаттың ұлы жаңалығы.Джон Милтон

^ 49.Нарықтық қатынас, өндірушілер, баға, ұсыныс, бәсеке, сұраныс, нарықтық экономика терминдерін қатыстырып сөйлем құраңыз. Сұраныс пен ұсыныс нарықтық бағаны анықтайды.Нарықтық экономика дұрыс жұмыс істеу үшін, өндірушілер бәсекеде жұмыс істеу керек.

^ 52. Мына сөздерге сөз тіркесі мен сөйлем құраңыз: ақша, қаражат, қаржы, пайда, бизнес, іскер. Ақша айналымы, өндіріс қаражаты, қаржы саясаты, пайда болу, бизнес саласы, іскери қарым-қатынас. Ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік органдар. Кәсіпордың өндіріс қаражаты өндіріс табыстан аз болу керек. Қазіргі заманда экономикада жаңа бағыттар пайда болды. Бизнес саласына арналған жарнама – тауарды өндіріс үдерісінде қолдану үшін сатып алатын жеке тұтыну-шыларға және делдалдарға арналған жарнама. Іскери қарым-қатынас іскери әдеп бойынша жүргізіледі.

^ 54. Маркетинг, ішкі маркетинг, экспорттық маркетинг, импорттық маркетинг, халықаралық маркетинг – терминдерінің анықтамасы және сөйлем құрау. Ішкі маркетинг – бір мемлекеттің ұлттық шекарасы шеңберіндегі жүргізілген өндіріс – тауар айналымы ауқымында жүзеге асырылады.Экспорттық маркетинг – сыртқа тауар шығару қарым-қа-тынастары нәтижесінде пайда болады және шетел нарықтарын зерттеуді қоса қамтып отырады.Импорттық маркетинг – шетелден сатып алынған тауар-ларды тұтынушыларға жеткізу барысында нарық сыйымдылығын және оның конъюнктурасын айрықша зерттеуге байланысты туындайды.Халықаралық маркетинг қолданатын объектілердің да-муындағы жаңа кезеңді білдіреді. Бұл маркетингтің түрі, өзінің өндіріс – тауар өткізуге қатысты міндеттерінің ауқымдылығына қарай көптеген мемлекеттердің нарық кеңістігін өзіне тарту арқылы дамуға бейім келеді.Маркетинг – экономикалық дамудың өзекті мәселелерін жан-жақты талдай отырып, бүгінгі таңдағы уақыт талабына сәйкес келетін әрі келешекке бағыт сілтейтін қызмет түрі болып табылады. Маркетинг тауарды өндіруге көмектеседі. Ішкі маркетинг нарықта бекіп қалуға көмектеседі. Экспорттық маркетинг маркетингтің бір түрі. Импорттық маркетинг нарық зерттеудің ерекше түрі. Халықаралық маркетинг шаралардың ерекше кешенi.

^ 55.Ақша сөзіне қатысты 10 мақал-мәтел жазыңыз.1 Ақша болса - алақанда сорпа қайнайды.2 Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады. 3Ақшаға ақыл сатып ала алмайсың,Бірақ кейбір ақылдыларды жұмсай аласың.4 Ақша – алтынның азған ұрпағы,Ол әкесін күнде сатып,Күн сайын сатып алады.5 Ақшасыз адам – желкенсіз қайық.

6 Тиыны мол адам, Тозақта дұрыс өмір сүреді. 7 Бай алдағы жылын, Кедей бүгінін ойлайды.8 Үлкен ақшаның пайызы да үлкен.9 Ақша иесін сатқысы кеп тұрады. 10 Арзан дүние алу, Ақшаңды жоғалту.

58. Өндірістік кәсіпкерлік, коммерциялық кәсіпкерлік, қаржылық кәсіпкерлік, делдалдық кәсіпкерлік, сақтандыру кәсіпкерлігі, серіктестік, құндылық – терминдерінің мағынасын жазып, сөйлем құраңыз. Өндірістік кәсіпкерлік – тауардың, қызметтің, ақпараттың, рухани құндылықты өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады. Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарларды мен қызметтерді сату бойынша мәмілетің мен операцияның құрамына енеді. Кәсіпкер пайдасы тауардың сатып алу бағасымен сату арқылы жасалады. Егер бұл операция заңды түрде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді. Қаржылық кәсіпкерлік – коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, мұндай сату-сатып алуы нысаны ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Делдалдық кәсіпкерлік – бір мәмілете өзара мүдделі жақтарды басын қосатын қызметте көрінеді. Мұндай қызмет көрсеткені үшін кәсіпке табыс алады.Сақтандыру кәсіпкерлігі – кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде 

ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардан қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.Серіктестік деп екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті айтады. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Серіктес-тікке делдалдық, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды т.б. жатқызуға болады. Құндылық – бұл заттың маңыздылығы. Қазақстан Республикасында өндірістік кәсіпкерліктер дамып жатыр. Қазақстанда коммерциялық кәсіпкерліктер жақсы дамыған. Қаржылық кәсіпкерліктер әр мемлекетте дамыған. Қазіргі заманның ерекшелектеріне делдалдық кәсіпкерліктердің дамуы жатады. Қазір көптеген адамдар сақтандыру кәсіпкерліктің қызметтермен қолданады.XIX ғасырдың басында адамдар серіктістікке бірліскен. Әр тауардың немесе қызметтің өз құндылығы бар.


Скачать файл (40.3 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации
Рейтинг@Mail.ru