Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  

Загрузка...

Лекция. Тақырыбы: Рудадан металдар алу әдістері Лекция жоспары: Пиррометаллургиялық әдіс. Электрометаллургиялық әдіс. Гидрометаллургиялық әдіс - файл


скачать (54.6 kb.)


  1. 8-лекция. Тақырыбы: Рудадан металдар алу әдістері




  1. Лекция жоспары:

  1. Пиррометаллургиялық әдіс.

2. Электрометаллургиялық әдіс.

3. Гидрометаллургиялық әдіс.

4. Химия – металлургиялық әдіс

5. Ұнтақ металлургия әдісі


3. Лекция мақсаты: Металлургия өндірісінің мәні және метал өндіру әдістері туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні: Металлургия – метал қорытпаларын өндірістік тәсілдермен алу ғылымы, ол ескі заманнан бері белгілі ілім.

Адам б.э.бұрын VІ- VІІ мың жылдарында бірінші рет алтын, күміс, мыс сияқты табиғи таза металдарды қолданған. Б.э.бұрын V- VІ мың жылдарында олар рудадан мыс, қорғасын, қалайы қорытып ала бастаған. Мыс ғасыры басталған соң тастан жасалған қару құралдарын бірте-бірте шеттетті. Шмамен б.э.бұрын ІІІ мың жылдары сол уақыттағы басқа, белгілі металдарға қарағанда қаттырақ және берік қола - мыс пен қалайы қорытпасы қолданыла бастады. Бұл қола (заманы) ғасыры б.э.дейінгі ІІ мың жылдары темір қолданыла басталды.

Біздің эрамыздың басталғанына дейін алтын, күміс, мыс, қола, темір, қорғасын, сынап белгілі болды, ХVІІІ ғасырға дейін мырыш, висмут, сурьма, платина, мышьяк табылып ашылды, ал кәзіргі заманда белгілі металл саны 80-ге жуық. Кейбір металдар бұрын ашылса да қолдануы кейінге қалды. Мысалы титан 1791 жылы элемент ретінде ашылғанымен 1948 жылы ғана бірнеше тонна таза титан алынды.

Металдың қара және түсті болуы өндірістік классификациясы тарихи қалыптасқан жағдай. Қара металдарға шойын, болат және олардың қорытпалары жатса, басқа металдардың бәрі түсті металл тобын құрады. Алғашқыда руданы горн деп аталатын қарапайым пештерде тотықсыздандыру арқылы темір алынған. Горнның биіктігі өскен сайын темір көміртегімен қанықтырылып, құю қасиеттері жақсы, морт келетін құйма алынған. Оны шойын деп атаған. ХІІІ ғасырдан бастап, шойынның құрамында көміртегі, кремниі, марганеці т.б. элементтері аз пластикалық және беріктік қасиеттері жоғары болат алына бастады. Мұндай екі сатылы өндіру схемасы домна пешінде шойын өндіру және оны болатқа айналдыру осы кездегі негізгі әдіс болып табылады.

Металдардың ішінде темір ерекше орын алады. Дүние жүзінде металдың 90 % көбі темір және оның өндірілуі арзанға түседі. Өндірістік көлемде металл алуға жарайтын табиғи шикізаттар қорын кен деп атайды. Кендерден металлургия өнеркәсібінде металл өндіріледі.

Металл өндіру үшін рудалар (кендер), флюстер, отын түрлері және отқа төзімді материалдар қажет.



Руда. Табиғатта металдар жер қыртысында әр түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Руда құрамында металл немесе оның қоспалары мен тау жыныстарынан тұратын минералдардан құралады. Мысалы, темір рудасы мынадай темір тотықтарынан Fe3O4, Fe2O3, FeСO3, Fe2O3Н2О және тау жынысынан құралады. Тау жынысының құрамында негізінен SiO2, Al2O3, MgO, CaO бар. Өндірілетін материалдардың құрамына байланысты рудалар бай және кедей болып бөлінеді. Кедей рудаларды арнайы өңдеп байытады.

Флюстер – руда қорытуды оңайлату және керекті металды тазарту үшін қосылатын зат, ізбесті тас, құм, т.б. Ол тау жыныстарымен және отын күлімен қосылып шлак түзеді. Шлактың салмағы жеңіл болғандықтан, ол металл қорытылғанда сұйықтықтың жоғары қабатында тұрады да металды газдар мен ауадан қорғайды.




Скачать файл (54.6 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации