Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  

Загрузка...

Бағдарламасына сәйкес дайындалды. Ж. М.Әубәкір т б - файл


скачать (2601.1 kb.)


18.05.21

Ж.М.Әубәкір, Г.А.Кунафина, Ж.Е.Есенова, Р.К.Жумабекова

Абайтану

10

Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық



ӘлНаир

2021

Жалпы орта білім беру деңгейінің қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын гуманитарлық бағыттағы мамандандырылған желілік «Абай мектептерінің» 10-11-сыныптарына арналған «Абайтану» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу

бағдарламасына сәйкес дайындалды.


Ж.М.Әубәкір т.б

Абайтану. Мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулық./ Ж.М. Әубәкір, Г.А. Кунафина, Ж.Е. Есенова, Р.К. Жумабекова. Нұр-Сұлтан.– ӘлНаир, 2021, - бет.

Абайтану әдістемелік нұсқаулықта абайтану пәнінің базалық білім мазмұнына сай шығарманың оқыту ерекшеліктері, оқу мақсаттары мен міндеттері көрсетіліп, ұзақ мерзімді жоспар, бөлім бойынша тақырыпты оқыту жолдары, қысқа мерзімді жоспар үлгілері берілді.




АЛҒЫ СӨЗ
Құрметті ұстаз, Абай шығармаларын оқыту арқылы шәкіртіңіз рухани толысып, жетістігімен мақтандырсын!

Әдістемелік нұсқаулықта «Абайтану» оқулығы мен хрестоматиясындағы шығармалар мазмұнын оқыту жолдары ұсынылған. 10-сыныпта адамның толық, кемел адам болу идеяларын, қоғамдағы адам болмысы мәселелерін зерделеуге бағытталған өлеңдері мен қарасөздері, сондай-ақ ғылымның пайдасы мен оны игерудің шарттары туралы Абай пайымы, «...Мені» мен «менікінің» айырмасын ажырата отырып, өмір сүрудегі өсиеттерін өлең жолдары мен қарасөздері арқылы талдап, ой таразысына салу жолдары қарастырылған. ІІІ тоқсанда Абайдың мұсылман діні мен иман жолын таразылайтын ой толғамдарын шығармалары арқылы игерту,Алланы ақылмен тану қағидаттары және ХІХ ғасырда қазақ даласында орнаған саяси-әлеуметтік жағдайдан билік жүйесінің өзгеруі, оның қазақ қоғамына тиігізген әсері, ұлттық құндылық пен мінез өзгерістері, ел міні туралы ой-пайымдарын өлеңдері мен қарасөздері арқылы саралап тану ұсынылады. Осы бағытта Абай шығармаларын зерттеген ғалымдардың зерттеу еңбектері қарастырылды. Абай шығармаларын оқытудың жолдары, тапсырма түрлері, тапсырманы жүзеге асырудағы әдістердің түрлері ұсынылған.

Абайтануды оқытатын ұстаз, Абайдың үгіт-насихат, мінез-құлық түзеуге арналған, ғаламды тану, жан мен тәннің ерекшелігі, қоғамдық-әлеуметтік жағдай туралы поэзиясын танытып, өнегелі де еркін ойлы ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегіңіз сәтті болсын!

Жаңа оқу жылы сәтті басталып, табыспен аяқтаңыз!





Скачать файл (2601.1 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации