Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  

Загрузка...

Учебно-методический комплекс по Беспроводным технологиям связи (на казахском языке) - файл общая УМК по ТБС на каз языке.doc


Учебно-методический комплекс по Беспроводным технологиям связи (на казахском языке)
скачать (135.8 kb.)

Доступные файлы (1):

общая УМК по ТБС на каз языке.doc789kb.19.11.2010 01:54скачать

содержание

общая УМК по ТБС на каз языке.doc

  1   2   3   4   5
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашық Министрлігі
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті


«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасы


Қ.Ж.Наурыз, А. Б. Мирманов

050719 «Радиотехника, электроника и телекомму­никациялар»

мамандығының
« Сымсыз байланыс технологиясы» пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕМЕЛІК КЕШЕНІ




Астана – 2010


«С.Сейфуллин атындағы

ҚАТУ АҚ» Басқармасының

ОӘК отырысында

қаралып мақұлданды

хаттама ____ «__» ______2010ж.


«Бекітемін»

«С.Сейфуллин атындағы

ҚАТУ АҚ» Басқармасының

ОӘК төрағасы

__________ А.М. Әбдіров

____ «_____» ______2010 ж.



Авторлар: аға оқытушылар: Қ.Ж.Наурыз, А.Б. Мирманов
050719 «Радиотехника, электроника и телекомму­никациялар»

мамандығының «Сымсыз байланыс технологиясы» пәнінен «Әдістемелік-оқу кешені». Оқу кешені аталған мамандықтың және жаңа 5В050719«Радиотехника, электроника и телекомму­никациялар» мамандықтың типтік оқу бағдарламасына (ҚР Мем.Стандартына сәйкес 3.08.345.-2006, ҚР Білім және ғылым Министрлігі бекіткен 23.12.20005 г. №779) сәйкес құрастырылған.

Пікір білдірушілер: Кенжеш Есіркепқызы Күсен, техника ғылымдарның кандидаты, доцент - Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Университеті.

Иман Имашұлы Тазабеков, техника ғылымдарның докторы, профессор – С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасы.


С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінің «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының отырысында хаттама № 4 «22» қазанында 2010 ж. қаралды.
С.Сейфуллин ат. Қазақ агротехникалық университетінің энергетикалық факультетінің әдістемелік комиссия отырысында хаттама № ­­­ 3 «25» қазанында 2010 ж. қаралды.
© С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, 2010 ж.




Мазмұны



Кіріспе

4

1 Терминдер мен анықтамалар

7

2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабусы)

14

3 Қысқаша дәрістер жинағы

31

4 Тәжірибелік сабақтардан қысқаша әдістемелік нұсқаулар

62

5 Студенттердің өздік жұмыстарын орындауға арналған оқу




құралдары

70

6 Студенттердің білімін бақылау және бағалау

74

7 Пән бойынша студенттер өздігінен танысатын сұрақтары

105

8 Реферат тақырыптарының мысалдары

106


Кіріспе
Қазіргі таңда әлемде сымсыз байланыс технологиялары шапшаң екпінмен дамып отыр. Осы сымсыз байланыс түрінің қызмет көлемі мен сапалығы толассыз кеңеюде. Сонымен қатар, күн арта бұқаралық, арзан да қолжеткізімді болып жеке қарапайым пайдаланушының қажеттілігіне лайықтанып отыр. Жаңа мүмкіндіктердің көмегімен қазіргі желілер жетілдірілуде, сымсыз жылжымалы байланыстың үшінші ұрпақты (төртінші ұрпақты) стандарттарының базасында құрастырылған глобалдық желілік инфраструктура дамуда.

Сымсыз байланыс нарығының дамуы, жаңа стандарттардың енгізілуі және жаңа қолданулар санының әрдайым өсуі, қосымша сыйымдылық пен радиожиіліктер диапазондарына (ауқымдарына) деген төтенше қажеттіліктерге әкеп соқтыруда. Осы бағытта әлемнің көптеген белді ғылыми-зертеу институттарымен бірге телекоммуникациялық жабдықтар шығаратын басты фирмалар мен компаниялар жұмыс жасауда.

Тарихқа көз жүгіртсек, құрлықтық сымсыз байланыстың алғашқы тәжірибелері өткен ғасырдың 20-шы жылдардың басында Детройте болды, ал 30-шы жылдардың басында алғашқы екіжақты сымсыз байланыс жүйесі Нью-Джерси штатының Бейонна қаласында полиция Департаментінде енгізілді.Осы полиция мекемелерінде қолданылған арбиған радиожабдық жай автомобильдің жүк салғышының көп бөлігін алып жатты. Дәл осы уақытта операторлар, алғаш рет радиотолқындардың жылжымалы байланыс шарттарында таралу мәселелерімен (проблемалар) кездесті. Өткізілген тәжірибелер нәтижесі бойынша бұл проблемалар жарым-жарты қабылдағыштың үнемі қозғалуымен және радиотолқындарды беру трассасының құбылмалық табиғатына байланысты болды.

XX-ғасырдың 30-шы жылдарының ортасына дейін барлық жылжымалы радиостанцияларда амплитудалық модуляция (АМ) қолданылды, ал 30-шы жылдардың аяғында Коннектикут штатының полиция Департаменті алғашқы екіжақты жиіліктік модуляциялы (ЖМ) жылжымалы радиобайланыс жүйесін енгізді. Осы енгізу жылжымалы радиобайланыс саласының кең тарауына ықпал жасады да, 1940 жылға орай Құрама Штаттарының барлық дерлік полициялық радиожүйелері ЖМ көшті.

Екінші дүниежүзілік соғыстың бас жағы жалпы байланыс саласын дағдарысқа әкелгенімен, соғыс соңы коммерциялық аренадағы сымсыз байланыс экспансиясымен сәйкес келді. Сымсыз байланыстың көптеген жақсы жақтары жаңа қырынан көрініп, көп кешікпей жаңа техникалық шешімдер іс жүзіне аса бастады. Мұндағы, техникалық жетілдірулер екі басты мақсатқа жетуге көзделген: арналарды ұйымдастырудағы жаңа шешімдер (жиілік жолағының азаю көмегімен) және автоматтық транкингтық жүйелердің немесе мультиплексті жүйелерді енгізу.

1948 ж. Индиана штатының Ричмонд қаласында алғаш толық автоматтандырылған жылжымалы телефондық байланыс жүйесі жұмысқа пайдалануға енгізілді. Екінші дүниежүзілік соғысының соңы мен 60-шы жылдардың арасындағы уақытта аналогтық ЖМ жүйелердің спектралдық нәтижелігі төрт есе өсті. 1978 ж. бастап әлемде аналогтық ұялы жүйелерді жұмысқа пайдалану басталды, ал 1992 ж. Еуропада сандық ұялық байланыс GSM істей бастады.

Біздің елімізге келсек, егемендігімізді алған күннен бастап телекоммуникация саласында оң өзгерістер болып жатты. Бұрын ССРО құрамында Мәскеу арқылы шешілетін сұрақтар, енді тез және тиімді шешіле бастады. Шетелдің көптеген мемлекетерімен, басты-басты компаниялармен байланыс орнады. Тұралап қалған экономиканы көтеруге шетелден инвестициялар ағыла бастады. Телекоммуникациялық жабдықтар шығаратын азулы да аты шулы шетелдік компаниялармен тікелей байланыстар орнап, елімізге жаңа технологиялар енгізілді. Мұнымен қатар, байланыс саласында оң өзгерістер орнап, бір оператордың орнына бірнеше операторлар пайда болып, нарық заңдарына сәйкес бәсекелестік орнады.

Жылжымалы байланыс саласына келсек, осы оң өзгерістер арқасында 2005 жылдың аяғында Қазақстанда 4 ұялы байланыс операторы жұмыс істеп жатты. Мысалы, GSM-900 стандартты алғашқы ұялы байланыстың операторы "GSM Казахстан" компаниясының «K-cell» сауда белгісімен (коммерциялық бастауы) 1999 жылдың 6 ақпанында болды. Компанияның тағы бар сауда белгісі "Activ" карталық байланыстың жіберілуі 1999 жылдың 9 қыркүйекте болды. Бұлардан басқа, "КаР-Тел" компаниясы – GSM-900 стандартты екінші операторы, оның нарықтағы сауда белгілері "K-mobile", "EXCESS" және "Beеline". "K-mobile" 1999 жылдан бастап істеді.

Қазақстандық "Алтел" компаниясы CDMA2000 1X стандартында жұмыс істейді. 1994 жылы "Алтел" ұялы байланыстың алғашқы қазақстандық операторы болды, ол қызметін алғашқыда AMPS аналогтық стандартында көрсетті. Сонымен қатар "Алтел" компаниясы prepaid-брендтің коммерциялық жұмысқа пайдалануын жүзеге асырады (ЖШС "Телеком Сервис") – "PAThWORD". Ол CDMA2000 1X стандартты, карталық жүйеде қызмет көрсетеді.

Сымсыз байланыс әлеміндегі болып жатқан оң өзгерістер, оның қарқындап дамуы - болашақ мамандардың осы салада білімді болуын қажет етеді. Сондықтан «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығында оқитын болшақ мамандардың «Сымсыз байланыс технологиясы» пәні профильдік бағдарлама циклінің міндетті курстерінің бірі болып келеді. Курс мақсаты – студенттерді сымсыз байланысты ұйымдастыру принциптері және сымсыз байланыс технологияларын оқыту (СБ), арналарды бөлу әдістерін көрсету; оптикалық және радиобайланысты қолдана отырып, сигналдарды кеңіту әдістеріне, СБ жүйелерін құрудың техникалық концепцияларына үйрету; спектрі кеңейтілетін жүйелерді, сонымен қатар сымсыз локалдық желілерді құрастыру принциптерін қарастыру сияқты т. б. сұрақтар жиынтығы болып табылады.

«Сымсыз байланыс технологиясы» пәнін оқып-үйрену кезінде студент төмендегі сұрақтарды біліп шығуы тиіс:

-СБ технологияларының дамуының тенденциялары туралы, арнаның сапалық көрсеткіші, энергетикалық сипаттамалары, жиілік жолағы мен қуатының нәтижелі қолдануының көрсеткіші, экономикалық көрсеткіштер арасындағы байланысты анықтайтын заңдылықтар туралы ұсынуды білу қажет;

-СБ жүйелерді құрудың техникалық концепциясын, радиоарналардың негізгі сипаттамаларды және осы сипаттамаларды анықтау әдістерін, СБ жүйелерінің энергетикалық сипаттамаларын және желілердің техникалық сипаттамаларын санаудың негізгі әдістерін, СБ орталықтарының тағайындау мен функционалдық сұлбаларын, желілік басқару жүйесін құру принциптері, көпстанциялық рұқсат ету әдістері мен оның қолдану облысы, СБ жүйелерінің стандарттарының техникалық сипаттамалары, сигналдарды кеңіту әдістері, спектрі кеңейтілетін жүйенің құрылымдық сұлбасы, арналардың негізгі сипаттамаларынын өлшеу әдістерін, құрал мен жүйелер, сымсыз локалдық жүйелерді құру принциптерін білу қажет;

-жабдықтардың келесі негізгі энергетикалық сипаттамаларын бағалау және таңдау білу: ұяшық радиусын, қабылдағыштың сезгіштігі және т.б., СБ трассаның нақты сипаттамаларына және арналардың сапасы нормалары туралы, СБ жүйесің стандартына сәйкес жиілікті-жергілікті жобаны құрастыру, СБ желісі сәулетіне сай, жоба барысында кешендік критериялары бойынша оптимизациялау/тиімдендіру.

Студенттер назарына ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешенде (ОӘК) силлабус, қысқаша дәрістер конспектісі, тәжірибелік жұмыстар қысқаша әдістемелік нұсқауы, аралық бақылау тесттік сұрақтары (мысал сұрақтары), студенттердің өзіндік жұмыстарды орындауға қажетті рефераттар тізімі берілген.


^ 1Терминдер және анықтамалар



Терминдер



Анықтамалар

1

2

AMPS - Advanced Mobile Рhone Service

FDMA принципіне негізделген ұялы байланыстың аналогтық стандарты

CDMA -Code Division Multiple Access

Кодалау бойынша бөлінген көпшіліктік қолжеткізім

DECT - Digital European Cordless Telecommunications



Еуропалық сымсыз цифрлық/ сандық телекоммуникация, сымсыз телефония стандарты

DSC - Digital Cellular System



Цифрлық/сандық ұялы байланыс жүйесі, көбіне DSC-1800 ассоцияланады (GSM-1800 МГц аналогы).

EDGE - Enhanced Datarate for GSM

GSM стандартын дамытудағы деректерді таратудың кеңейтілген диапазоны

EMS - Enhanced Messaging Service

Хабарламалардың жетілдірілген қызметі

FDMA - Frequency Division Multiple Access

Жиілік бойынша бөлінген көпшіліктік қолжеткізім

GPRS - General Packet Radio Service

Мәліметтерді десте бойынша тарату желісі

GSM - Global System for Mobile communications



Мобильді байланыстың глобальды желісі, мобильді байланыс жүйесінің еуропалық стандартының екінші ұрпағы

HS - Hand Set

Қол телефоны "Түтікше". Ұялы байланыс желісінің шеткері құрылғысы

iDEN -(Integrated Digital Enhanced Networks)

Интеграцияланған цифрлық кеңейтілген желі технологиясы

IMT-2000 - International Mobile Telecommunications-2000

Халықаралық IMT-2000 мобильді телекоммуникациясы, мобильді технологияның үшінші ұрпағы

MBS -Mobile Broadband Services



Кеңжолақты мобильді байланыстың қызметтері (сымсыз желілердегі трафикті өте жоғары жылдамдықта тарату технологиясының атауы)


1

2

MMS - (Multimedia Messaging Service)

Мультимедиялық хабарламалардың қызметі. Мобильді байланыс көмегімен хабарламаларды тарату аумағындағы жаңа енгізілген түрі

NMT - Nordic Mobile Teleрhone

Скандинавияда жасалып енгізілген аналогтық ұлы байланыстың стандарт

PCS - Personal Communications System



Дербес байланыс жүйесі.1900 МГц диапазондағы американдық ұялы байланыс стандарты.

PHS - Personal Handyphone System

Дербес телефон байланыс жүйесі. Сымсыз телефондарға арналған жапондық стандарт.

PSTN - Public Switched Telephone Network

Жалпы қолжеткізімді коммутацияланған телефон желісі, жай телефон желісі

TETRA - Terrestrial Trunked Radio

ETSI жаңа ашық стандарты, жердегі транктік радиобайланыс технологиясы

TDMA -Time Division Multiple Access

Уақыт бойынша бөлінген көпшіліктік қолжеткізім

UMTS - Universal Mobile Telecommunications System

3-ші ұрпағына сәйкес стандарт тобына жататын мобильдік байланыстың әмбебап жүйесі

3G - 3rd Generation



3G немесе "үшінші ұрпақ" сымсыз байланыс стандартының жаңа топтарының жалпы атауы

Телекоммуникацияның өзара байланысқан желісі

ҚР территориясындағы орталықтан басқарылатын, техникалық түйіндескен телекоммуникациялық желілердің кешені

Ведомствалық байланыс желісі

Мемлекеттік ұйымдарға өндірістік және арнайы қажеттілікті қамтамасыз ету үшін құрылған телекоммуникациялық желі

Байланыс операторы

Байланыс қызметін ұсынуға құқығы бар заңды немесе заңсыз тұлға шарт негізінде (келісім-шартсыз) байланыс қызметін




1

2




қолданушы заңды немесе заңсыз тұлғалар (абонент

Босату трафигі


Байланысты қолданушылар (желілер арасында) арасында ақпаратты тарату мен байланысты орнатуды жүзеге асыру үрдісі

Радиожиілікті спектр

Радиожиіліктің белгіленген жиынтығы

Телекоммуникация желісі


Телефон, телеграф, факсимиль, деректерді тарату немесе басқа түрдегі құжаттамалық хабарламаларды, теледидарламалық, дыбыстық немесе басқа да радио және сымды хабар таратуды қамтамасыз ететін технологиялық жүйе

Байланыс құрылғылары


Телекоммуникациялық хабарламаларды тарату мен қабылдау кезіндегі, өңдеулер және қалыптастырулардағы немесе почталық таратуда қолданылатын техникалық құрылғылар

Телекоммуникация


Сигнал, текст және де т.б ақпарат түрлерін сымды, оптикалық, радио және басқа да электромагниттік жүйелер арқылы тарату мен қабылдауды іске асыратын құрылғылар жиынтығы

Трафик


Телекоммуникация желісі арқылы таратылатын хабарламалар жиынтығы

Байланыс қызметі


Телекоммуникация хабрламаларын немесе почталық хабарламаларды тарату мен жеткізу, сақтауға байланысты іс-әрекет

Радиотолқындардың сәулеленуі


Радиожиіліктік диапазонда РЭҚ таратқышынан энергия электромагниттік толқын түрінде


1

2




берілетін құбылыс

Радиотехнология

Радиосигналдарды түзу, тарату, қабылдау (өңдеу), әдістерін қалыптастыру жиынтығы

Радиожиілікті ресурс (РЖР)

Ақпаратты тарату (қабылдау) мақсатында қолдануға мүмкін радиотолқындардың жиынтығы

Жиілік жолағы


Екі орнықтылынған шекарасы бар, сәулеленуге арналған радиожиілікті спектрдің бір бөлігі

Жиілік диапазоны

Радиожиілікті спектрдің бөлігінің шартты белгіленуіне байланысты түсінік

Жолақты жиілікті тарату


Радиобайланыстың бір және бірнеше жердегі немесе космостағы қызметтері қолдану мақсатында кейбір берілген жолақ жиіліктерін жиіліктерді тарату кестесіне енгізу/жазу

Радиожиілікті немесе радиожиілікті арналарды бөлу

Келісілген жоспар бойынша жиілікті арнаны белгілі бір шарттарда қолдану мақсатында енгізу/жазу

Радиожиіліктер немесе радиожиілікті арналарды беру

Қандайда бір радио станция әкімшілігінен белгілі бір шарттарда радиожиілік немесе радиожиілікті арнаны қолдануға рұқсат беру

Сәулелену класы

Шартты символдарымен белгіленген сәулелену сипаттамасының жиынтығы

Қажетті жолақ жиілігінің ені

Берілген сәулелену класына сәйкес хабарды таратуға жеткілікті жиілік жолағының ені

Радиобайланыс қызметі


Электрбайланыстың белгілі бір мақсаты үшін радиотолқындарды қабылдау, сәулелену, тарату қызметі

Қозғалмалы қызмет


Радиобайланыстың қозғалмалы немесе құрлықтағы станция арасындағы немесе өзара

1

2




қозғалмалы станция арасындағы қызмет түрлері

Радиохабарларды тарату қызмеі


Таратылған хабарламалары халықтың тіке қабылдауына мақсатталған радиобайланыс қызметі

Бекітілген спутниктік қызмет

Белгіленген жерлердегі станциялар арасындағы байланыста бір немесе бірнеше спутникті қолданушы радиобайланыс қызметі

Бекітілген қызмет

Белгіленген пунктер арасындағы радиобайланыс қызметі

Радиохабарламалады таратудың спутниктік қызметі

Радиобайланстың сигналдары космостық станция арқылы таратылып немесе тасымалданатын қызмет түрі

Электромагниттік сәйкестілік (ЭМС) (Electro Magnetic Compatibility EMC)

РЭҚ –дың басқа РЭҚ-мен бір уақытта, алдын–ала белгісіз электромагниттік бөгеулер кезінде жұмыс істеу мүмкіншілігі ( РЭҚ-ға және ЭҚ-ға рауалы емес бөгелулер туғызбау керек)

ЭМС параметрлері (сипаттамалары)

Радиоэлектронды, электронды және радиотехникалық жүйелерінің құрамдық белгіленуі

Жиіліктік-аумақтық жоспарлау (ЖТЖ)

Радиожиілікті спектрді қолдану тиімділігін жоғары бағытталған жұмыс жиынтығы

аумақтық-жиіліктік алшақтатудың нормасы

әр түрлі радиоэлектрондық құрылғылардың (РЭҚ) арасындағы арақашықтық мәні болып табылады, оны сақтау РЭҚ-дың бөгелулерсіз өзара жұмысын қамтамасыз етеді.

(S/I) қорғаныс қатынасы


Қабылдағыштың шығысындағы (шығуындағы) сигнал/бөгелу рауалы қатынасын көрсетеді, яғни бөгелулер кезіндегі оның сапалы жұмысын қамтамасыз ету

CMS- Cellular Mobile System

Ұялы радиобайланыстың




1

2




дуплексті дербес жүйесі

Mobile Switching Center - MSC

Ұялы радиобайланыс жүйесінің

басқару және коммутациялау орталығы (БКО)


Base Station - BS


Ұялы радиобайланыс жүйесінің базалық станциясы (БС)

Ұялы радиобайланыс жүйесінің ұяшығы (Cell)

РБЖ бір базалы станциясы орналасқан географиялық аумақ

Мегаұяшық (Megacell)

Спутниктік РДЖ абаненттеріне қызмет көрсетілетін 500 км-ден 1500 км аралығындағы өлшемді ұяшық

Макроұяшық (Macrocell)

РДЖ абаненттеріне қызмет көрсетілетін бірнеше мыңдаған км-лі өлшемді ұяшық

Микроұяшық (Microcell)

Қалалық байланыстағы РБЖ абоненттеріне қызмет көрсетуге қолданылатын 1км-ге дейінгі өлшемдегі ұяшық

Пикоұяшық (Picocell)

10 м-ден бірнеше м-ге дейінгі өлшемдегі ұяшық

Base Station Controller - BSC

РБЖ базалық станциясының бақылаушысы


Handover

Ұялы радиобайланыс жүйесіндегі қажет техникалық процедура. ҰРЖ-дегі қызметтің сапа деңгейін көрсетеді, яғни абоненттік жабдықтардың бір ұяшықтан екінші ұяшыққа өтіп қосылуын қамтамасыз етеді.

Roaming

Абоненттік құрылғылардың басқа ОКБ жүйелері басқаратын аймақтан ОКБ жүйесі өзге басқа аймаққа идентификатордың өзгеруінсіз өту қабілеті, яғни қызмет көрсету аумағына өтіп қосылуын қамтамасыз етеді.

ОКБ аймағының идентификаторы

Арнайыландырылған код, ҰРЖ–ның элементінің осы желіге, (яғни ОКБ басқаратын) жататындығын анықтайды (қолжеткізім интерфейсі,




1

2




базалық станция, абоненттік жабдықтар ).

Home Location Register HLR

РБЖ үй абонентнің тіркелуі

Visitors Location Register VLR

РБЖ визитті абонентнің тіркелуі

Wireless Local Loop - WLL

Сымсыз абоненттік қолжетімділік (жергілікті сымсыз байланыс желісі)

Bluetooth

Аз қуатты, кабельді қосқыштарды ауыстыруға арналған радиотехнология ( кең спектрлі тасымалданатын құрылғылар – дербес офистік және тұрмыстық техника)

^ 2 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабусы)
2.1 Оқытушылар туралы мағлұмат
«Сымсыз байланыс технологиясы» пәнінен жұмыс бағдарламасын (силлабусын) дайындауға және аталған пәннен сабақтарды жүргізуге (2009-2010 оқу жылында) «Радиотехника, электроника ж/е телекоммуникациялар» кафедрасы бойынша келесі оқытушылар құрамы қамтылған:

Мирманов Арман Барлықұлы - «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы (силлабустың алғашқы нұсқасының авторы, көмекші оқытушы).

Наурыз Қаныш Жаңабергенқызы, аға оқытушы

Жұмыс орны: С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ, энергетика факультеті «Радиотехника, электроника ж/е телекоммуникациялар» (525 кабинет) кафедрасы, байланыс телефоны: 39-76-08 және 48-53-54.

Сабақтар кестесі: Кафедраның сабақтар кестесі бойынша.

Қосымша сабақтар: Кафедраның қосымша сабақтар кестесі бойынша.

2010-2011 оқу жылында т. ғ. д. Садықов Асқарбек Әмірқұлұлы – дәріс оқиды.

^ 2.2 Пән жайында
Аталған курс жоғарғы оқу орнында оқитын студенттерге арналған міндетті пән болып саналады ж/е профильді пән ретінде оқу жоспарына енгізіледі.

Пән аты: «Сымсыз байланыс технологиясы», 3-курстың 5 семестрлерінде (бір ғана семестр) оқытылады. Кредиттер саны – 2. Дәрістер-15 сағ. Тәжірбиелік сабақтар саны-15 сағ. Оқытушы көмегімен орындалатын өздік жұмыс көлемі-15 сағ. Өздік жұмыстар-45 сағ. көлемінде. Бақылау формасы –емтихан (5 семестр). Емтихан алу формасы –тесттілеу түрінде.

5 семестрде осы пән бойынша оқу жоспары бойынша келесі сабақтар (сағат) қаралған (кесте-1 және 2):
Кесте-1 Пән бойынша оқу жоспарына сәйкес сабақтар



Семестр
  1   2   3   4   5



Скачать файл (135.8 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации