Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  

Загрузка...

Дипломный проект - Модернизация транспортной сети ГТС г. Жетысай - на казахском языке - файл n1.doc


Дипломный проект - Модернизация транспортной сети ГТС г. Жетысай - на казахском языке
скачать (1208.7 kb.)

Доступные файлы (9):

n1.doc300kb.07.06.2010 12:26скачать
n2.doc1733kb.08.06.2010 11:37скачать
n3.doc72kb.05.06.2010 16:23скачать
n4.doc278kb.07.06.2010 02:28скачать
n5.doc291kb.08.06.2010 01:35скачать
n6.png45kb.31.05.2010 16:59скачать
n7.doc23kb.08.06.2010 01:38скачать
n8.doc37kb.30.05.2010 20:38скачать
n9.ppt115kb.26.12.2009 15:36скачать

Загрузка...

n1.doc

Реклама MarketGid:
Загрузка...
1 Дипломдық жоба тақырыбы бойынша аналитикалық зерттеулер және оларды техникалық түрде іске асырудың шешімдері
1.1 Жобаның қойылған есебі
Бұл дипломдық жобаның тақырыбы «ОҚО Жетісай ҚТЖ тасымалдау желісін жетілдіру» болып табылады. Жобаның мақсаты ҚТЖ-нің тасымалдау желісін қазіргі заманғы технологиялар, жабдықтар және тарату ортасы көмегімен жетілдіру болып табылады. Жобаны іске асыру үшін келесідей жұмыстарды атқару қажет:

- Мақтаарал ауданының экономикалық-әлеуметтік жағдайына сараптама жүргізу;

- Мақтаарал ауданының телекоммуникация торабы (АТЖ) желісіне сипаттама беріп, сараптама жүргізу;

- Мақтаарал АТЖ-не қарасты Жетісай қалалық телефон желісіне (ҚТЖ) талдау жүргізу;

- ҚТЖ-нің тасымалдау желісін жетілдірудің қажеттілігін маңыздандыру;

- тасымалдау желісін жетілдіру әдістерін (технология, байланыс жолы, топология) салыстырып, тиімдісін таңдау;

- жобаны іске асыруға қажетті технологияның, байланыс жолының (тарату ортасының), топологияның сипаттамасын беру;

- байланысты ұйымдастыру сұлбасын құру;

- қажетті тарату жүйесіне сипаттама беру;

- желінің сапалы көрсеткішін анықтау үшін есептеулер жүргізу;

- тапсырма бойынша арнайы сұрақтарды қарастыру;

- өміртішілік қауіпсіздігі сұрақтарын қарастыру (еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау);

- жобаның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу.


    1. Ауданның жалпы сипаттамасы


Жетісай қаласы – Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтаарал ауданында орналасқан. Мақтаарал ауданы - облыстың қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Әкімшілік орталығы – Жетісай қаласы.1927 жылдан бастап қала болған. Ал 1997 жылы 3 аудан: Мырзакент, Атакент, Асықата қосылып ірілендірілген. Қазіргі аудан орталығы - Жетісай қаласы. Жетісай қаласының облыс орталығы Шымкент қаласына дейін 220 км құрайды. Қазір Жетісай қаласының халқының саны 2009 жылғы санақ бойынша тоқсан төрт мың бес жүз, ал жалпы аудан көлемінде үш жүз алпыс бес мың адам тіркелген.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Жетісай қаласына жақын орналасқан елді мекендер Сәтпаев, Қазыбек би, Таубай ата, ал қазіргі уақытта қаланы ірілендіріп Үлгілі елді мекенімен біріктіруде. 100 мектеп 100 аурухана бағдарламасы бойынша 2009 жылдың қыркүйек айында аудан орталығынан жаңа аурухана және бір білім беру мекемесі пайдалануға берілді. Ауданда тұрғын үй құрылысы бойынша 2007 жылдың 1-жарты жылдығында 139 жер учаскесі бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2009 жылдың 1-жарты жылдығында жалпы көлемі 9500 шаршы метр 104 тұрғын үй пайдалануға қабылданды. Аудандағы 3 жолаушылар тасымалдау автокөлік кәсіпорындары мен 500-ден астам жеке тұлғалар жолаушыларға аудан ішіндегі бағыт және қалааралық бағыттар бойынша қызметін көрсетуде. Қазіргі уақытта теміржол торабы жұмыс істемейді. Аудандағы 37 өнеркәсіп орындары 2009 жылдың 1-жарты жылдығында 4 млрд 398 млн. теңгенің өнімдері өндіріліп, орта мерзімдік даму жоспары 101,6% орындалды. Ал, заттай өнімге шағар болсақ, 2009 жылдың тиісті мерзімінің деңгейіне қарағанда мақта талшығы - 744 тоннаға, мақта майы-78 тоннаға өндірілді. Нақты көлем индексі өткен жылдың тиісті мерзімімен саластырғанда 79,4%-ті құрап отыр. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Осының ішінде сегіз мектеп қалада орналасқан. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 2009 жылдың 1-жарты жылдығында салық контингенті бойынша болжамдағы 836,9 млн. теңгенің орнына 848,2 млн. теңге яғни жоспар 98,2 пайызға орындалғанмен, өткен жылмен салыстырғанда 245,4 млн. теңгеге артық орындалды. Ал, жергілікті салық бойынша 496,2 млн. теңгенің орнына 505,1 млн. теңге (+8,9 млн. теңге) көлемінде салық пен міндетті төлемдер жиналды. Жоспар 101,8% пайызға артығымен орындалды. Былтырғы жылдың тиісті деңгейімен салыстырғанда 127,9 млн. теңге артық жиналды. Жергілікті бюджеттің шығыс бөлігі жоспардағы 3 млрд. 656 млн. теңгенің орнына 3 млрд. 635 млн теңгеге орындалды, яғни 99,4 пайызды құрайды. Негізінен қаржының қомақты мөлшері білім беру саласына (2859,3 млн) мен әлеуметтік саласына (164,6 млн) қаржыландыруға жоспарланған. Ауданымызға 2006 жылдың 6 айында құрамында 702 адамы бар 265 оралман отбасы көшіп келсе, 2007 жылдың 1-жарты жылдығында құрамында 529 адам бар 232 отбасы көшіп келді. Ал 1991 жылдан осы күнге дейін ауданға алыс және жақын шетелдерден 10542 отбасы оның құрамында 35321 адам көшіп келді. Аудан мектептеріне 2009 жылға барлығы жергілікті бюджеттен 3873,9 млн. теңге, республикалық бюджеттен 448,6 млн. теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде: мектептің материалдық техникалық базасын нығайтуға парта алуға, компьютерлер алуға, қашықтан оқыту құралдарына, мультимедиялық кабинетке, оқушылардың жазғы сауықтыру лагеріне сонымен қатар мектептердегі медициналық кабинеттерге дәрі-дәрмектер үшін қаржы қаралды. Әйелдердің туу көрсеткіші жылдан-жылға өсуде. Биылғы жылдың 1-жарты жылдығында 4123/15,3 абсолют нәресте өмірге келді. Табиғи өсуі 2009 жылдың 1-жарты жылдығында 19,8 болса, биыл 21,3 болды. Аудан халқына мәдени қызмет көрсету бағытында 30 мәдениет үйлері мен клубтар және 36 кітапхана, жалпы 68 мәдени ошақтары жұмыс атқарады.

Ауданның экономикалық дамуына телекоммуникация саласының қосатын орны зор. Мысал келтіретін болсақ «Казахтелеком» АҚ-на қарасты Мақтаарал аудандық телекомуникация торабынан басқа «K-Cell», GSM Казахстан, Beeline, Dalacom сияқты операторлар жұмыс істейді.

Бұл дипломдық жобада Мақтаарал АТТ қарасты Жетісай ҚТЖ-нің тасымалдау желісін жетілдіру сұрақтары қарастырылғандықтан төмендегі бөлімшеде аталмыш оператордың телекоммуникация желісінен жалпы мағлұматтар беріледі.


    1. Телекоммуникация саласынан жалпы мағлұмат


Мақтаарал АТТ – ОҚО ОДТ құрылымдық бөлімшелері Мақтаарал аудандық елді-мекендерге байланысты жеткізу үшін қызмет көрсетеді. СС08 орталық станция базасында құрылымдық бөлімшелердің негізгі түрлері төмендегідей:

- жергілікті телефондық сөйлесулерді жеткізу,

- қалааралық және халықаралық сөйлесулерді жеткізу,

- телеграфты байланысты және деректерді тарату,

- смарт-карт, тарлан карталарын сату,

- интеллектуальды байланыс қызметін жеткізу.

Бұл телекоммуникация өндіріс орнының басты мақсаты: байланыс қызметін қолданушыларға сапалы қызмет көрсету, қолданушылар сұранысын қанағаттандыру, сату деңгейін жоғарылатумен ператорлардың қаржылық деңгейін жоғарылатуды қамтамасыз ету, сапалы байланыс қызметін ұсыну. Аудандық телекоммуникация торабы 2007 жылдың 1-тоқсанында абоненттерге 151,5 млн.теңгенің қызметін көрсетті, телефон нүктелерінің саны 13986-ға жетті. Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда қызмет көрсету 14,5 млн. теңгеге, ал телефон нүктелердің саны 701-ге өскен. Ауданда ескі телефон станцияларын біртіндеп жаңа сандық станцияларға ауыстыру, телефон байланысының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта АТЖ-не CDMA 450 стандартын қолданып сымсыз байланыс желісін орнатуда.

Мақтаарал АТТ келген пайданы есептегенде ОҚО ОДТ-ның 7 % құрайды (2009 жылғы пайда көлемі бойынша есептегенде), орташа даму деңгейі жоғары болып келеді. ОТА 20.12.2008 жылғы қалып күйінің тығыздығын 100 тұрғынға шаққанда 17 құрайды да 2009 жылмен салыстырғанда 100 % өсуде. 2009 жылғы есеп бойынша кіріс деңгейі 2008 жылғы қызмет түрлері келесілерді құрайды: ММТС – 122,8 %, МТС – 89 %, Интернет – 188 %, Смарт-карталар –199 %, Телеграфты байланыс – 89,3 %.

Мақтаарал АТЖ АТС СС 08 (Huawei), АТСК 50/200, М-200, МС 240 типті цифрлы АТС-тан тұрады. Ауылдық телефондық желісі аралас (бір және екі ) сатылы сызбанұсқа арқылы құрылған. Мұндай, шеткері станциялар (ШС), тораптық станциялар (ТС) орталық станциямен КСПП 1х4х0,9(1,2) типті біртөрттік кабельмен және әуелік байланыс жолдары көмегімен жалғанған. Арналардарды тығыздау және мәліметтерді тарату үшін DAMA, ИКМ-15, ИКМ-480, ОЛТ, МС-04, КНК-12 аппаратуралары қолданылады. Төменгі кестеде (1.1) Мақтаарал АТТ-на қарасты Жетісай өңірлік телекоммуникация бөлімшесі туралы мәліметтер келтірілген.



Станция

Арақашық-тық , км

Станция жабдығы

Станция

сыйым-дылығы, NN

Тарату жүйесінің түрі

Кабель түрі

Тұрғындар саны, мың адамда

1

2

3

4

5

6

7

ҚТЖ-не қарасты АТС
















94,5

67 АТС *

-

ЭАТС СС08

700

ИКМ 480

ОК 4

65 АТС




HONET

1600

ИКМ 480

ОК 4

61 АТС




HONET

3000

ИКМ 480

ОК 4

1 ТС

16

M-200

144

ЛВК 12

БСМ марк ӘЖ

3,4

2 ТС

16

M-200

112

ОЛТ

КСПП 140,9

3,25

3 ТС

12

M-200

80

ОЛТ

КСПП 140,9

4

4 ТС

12

M-200

240

ОЛТ

КСПП 140,9

5,148

1 ШС

28

АТСК-50/200

100

ЛВК 12

БСМ марк ӘЖ

3,602

2 ШС

24

АТСК-50/200

50

ЛВК 12

БСА марк ӘЖ

3

3 ШС

19

M-200

192

МС-04

КСПП 140,9

4

4 ШС

16

M-200

128

МС-04

КСПП 140,9

4,33

5 ШС

5

M-240

312

МС-04

КСПП 140,9

5,9

6 ШС

11

M-200

240

ОЛТ

КСПП 140,9

9

7 ШС

13

АТСК-50/200

100

ЛВК 12

БСА марк ӘЖ

5

8 ШС

12

M-200

192

ОЛТ

КСПП 140,9

6

9 ШС

12

M-200

176

ОЛТ

КСПП 140,9

5,5

10 ШС

8

M-200

128

МС-04

КСПП 140,9

2,33

11 ШС

17,5

АТСК-50/200

100

ИКМ-15

КСПП 141,2

4,7

12 ШС

17

АТСК-50/200

50

ИКМ-15

КСПП 140,9

2,054

13 ШС

25

АТСК-50/200

100

ИКМ-15

КСПП 141,2

3,844

14 ШС

70

M-200

100

(DAMA) SKYEDGE




2,07

15 ШС

85

M-200

200

(DAMA) SKYEDGE




2,5

16 ШС

90

M-200

300

(DAMA) SKYEDGE




2,34

17 ШС

97

M-200

250

(DAMA) SKYEDGE




1,8

Барлығы

605,5




8594

621




100,648


*Ескерту: ҚТЖ –нің 67- АТС АТЖ-нің орталық станция (ОС) функциясын орындайды.

1.1-кестеден көргеніміздей Жетісай өңірлік телекоммуникация бөлімшесінде келесідей станциялар, тарату жүйелері, орталары (байланыс жолдары) жұмыс істеп жатыр (кесте 1.2, 1.3, 1.4)
Кесте. 1.2 Қолданыстағы АТС-лар сипаттамасы

Станция аты

Өн-діруші

Сыйым-дылығы

Электр қорек-тендіру

Қолда-нылатын саласы

Станциялармен

жұмыс істеуі

Ес-керту

АТСК 50/200

Элком

(Ресей)

50/200

U=60В

АТЖ

Анологтық, цифрлық




M-200

МТА

(Ресей)

12-20000 нөмер

48..60B

АТЖ, ҚТЖ,

Ведомст және корпа.бай

цифрлық




M-240

Элтекс

(Ресей)

16-2400 Аж

24…75B

АТЖ, МАТС

цифрлық




CC08

Huawei

(Қытай)

Мин.256Аж, мак.1,2

млн

48…60B

АТЖ, АҚТ

цифрлық




HONET

Huawei

(Қытай)

64-3952 Аж




АТЖ, АҚТ

цифрлық





Кесте 1.3 Қолданыстағы тарату жүйелері

Атауы

Арна саны

Қолданылатын саласы

ИКМ-15

15

АТЖ, ҚТЖ, ведмоствалық желіде

ИКМ-480

480

АТЖ, ҚТЖ, ведмоствалық желіде

CТҚ

30

АТЖ, ҚТЖ, ведмоствалық желіде

ЛВК 12

12

АТЖ, ҚТЖ, ведмоствалық желіде

МС-04

60

АТЖ, ҚТЖ, ведмоствалық желіде

DAMA (SKYED)

60

АТЖ, ҚТЖ, ведмоствалық желіде


1.4-кесте Қолданыстағы байланыс жолдары


Атауы

жасалған материалы

диаметрі, мм

КСПП 140,9

мыс

0,9

КСПП 141,2

мыс

1,2

МБА ӘБЖ

болат алюминнен

4

МБМ ӘБЖ

болат мыстан

4

МКС1Ч4Ч12

мыс

12

ОК 4

кварцты шыныдан





1.1-кестені пайдаланып сандық және аналогты станциялар арасындағы арналар санына есептеу жүргізіп диаграмма тұрғызамыз.

Осы шыққан арналар санына байланысты тығыздық бойынша және сыйымдылық бойынша диаграмма тұрғызамыз.


а) б)
1.1- сурет. Тығыздық және сыйымдылық бойынша арналар санының диаграммасы
мұндағы а-сыйымдылық бойынша есептеулер нәтижесінен шыққан диаграмма; б-тығыздық бойынша есептеу нәтижесісінен шыққан диаграмма.
1.5 Тасымалдау желісін жетілдіру әдістеріне сараптама жасау
1.5.1 Байланыс жолдары
Станцияаралық байланыс жолдары ретінде әртүрлі жолдар, яғни орта қолданылуы мүмкін. Төмендегі кестеде солардың сипаттамалары берілген (кесте 1.3.).
Кесте 1.3– Әртүрлі байланыс жолдарының сипаттамалары


Бағыттауыш

жүйелері

Жоғалтулар

Сыртқы

өріс

Жиіліктік

ауқым



Арна саны

Бөлімше

ұзындығы, км

Симметриялы кабель

Металлда

бар

105 Гц

100

5-20

Оптикалық кабель

Диэлектрикте

жоқ

1013-1015 Гц

100000

30-100

Коаксиальды кабель

-

жоқ

до 108 Гц

1000-5000

3-6

Радиорелелі байланыс

Атмосферада

бар

ГГц

**

50-200

Спутниктік байланыс

Атмосферада

бар

ГГц- МГц

**






** Ескерту: Арна саны жабдықтың мүмкіншілігіне байланысты.
1.3- кестедегі байланыс жолдарына қысқаша сипаттама бере кетсек.

Коаксиалды кабель кең қолданылатын кабель. Бұл екі себеппен түсіндіріледі. Біріншіден, ол жеңіл және пайдалануға ынғайлы, екіншіден, орнату өте қауіпсіз және қарапайым.
Ен қарапайым коаксиалды кабель мыс сымнан (core), қабықшасы, оны қоршайтын сыртқы темір тоқыма экраннан және қабықшадан тұрады. Егер кабель темір тоқымамен (тормен) қатар фольга қабаты болса, онда кабель қос экранды деп аталады. Күшті бөгет кезінде қосторды және екі қабат фольгалы кабельді пайдаланады. Есулі өткізгішке қарағанда коаксиалды кабель электромагниттік бөгеттерге төзімді, сигналдар өшуі де кем болады.

Радиореле́йлі байланыс — қабылдап-таратқыш радиостанциялардың (ретрансляторлы) тізбектей ұйымдастырылған сызығындағы(радиорелейлі байланыс, РРЛ) радиобайланыс. Жер бетіндегі радиорелейлі байланыс дециметрлі және сантиметрлі толқындарда (жүздеген мегагерцтен ондаған гигагерцке дейін) іске асырылады. Белгіленуі бойынша байланыстың радиорелейлі жүйесі үш категорияға бөлінеді де әр категорияның өзінің жұмыс істейтін диапазоны болады:

- жергілікті байланыс жолдары 0,39ГГц-тен 40,5ГГц-ке дейін

- аумақаралық байланыс 1,85ГГц-тен 15,35ГГц-ке дейін

- магистральді байланыс 3,4ГГц-тен 11,7ГГц-ке дейін

Былай категорияларға бөлу тарату ортасының радиорелейлі байланысты сенімділігін қамтамасыз етуге әсерін тигізеді. 12ГГц-ке дейін атмосфера құрамы әлсіз әсер етсе, 15ГГц-тен жоғары болғанда бұл әсерлер біліне бастайды. 40ГГц-тен жоғары болғанда байланыс сапасына атмосфера құрамындағы газдар әсер етеді де байланыстың үзілуі байқалады.

Спу́тникті байланыс — қолдан жасалған жер серіктерін ретранслятор ретінде қолданылатын радиобайланыстың бір түрі. Спутникті байланыс пен жердегі станция аралығында қозғалмалы және стационарлы байланысуы мүмкін. Спутникті байланыс дәстүрлі радиорелейлі байланыстың ретрансляторының өте жоғарыда орналастыру (жүзден он мыңдаған км-ға дейін) арқылы іске асырылады. Бұл кезде оның көріну зонасы Жер шарының жартысына тең болады. көптеген жағдайда тек бір ғана ретранслятор қолданылады. Спутник пен жердегі станция арақашықтығы үлкен болғандықтан, қабылдағыштағы сигнал/шум қатынасы төмен болады. Бұл жағдайда қате ықтималдығын төмендету үшін күрделі бөгетке тұрақты кодтарды және шуы аз элементті үлкен антенналарды қолданады.

Оптикалық кабель – қазіргі таңдағы байланыс жүйесіндегі кең қолданыс тапқан байланыс жолының бір түрі. Қазіргі таңда ақпараттандыру тез даму үстінде. Жыл сайын таратылатын ақпараттардың таратылатын ағыны мен көлемі ұлғаю үстінде. Оларды таратуға дәстүрлі коаксиальды, симметриялық кабельдері салыстыру мүмкін емес болды. Бұл жағдайдан шығу оптикалық-талшықты қолдануға алып келді. Дәстүрлілермен салыстырғандағы артықшылығы: салмағы аз және габаритті, ұзын қашықтықтарға төселінеді, қшулер аз, өтпелі әсерлердің кемдігі, жиіліктерді жіберу мүмкіншілігі жоғары. Қазіргі таңда оптикалық кабельдерді үлкен сынақтардан тексеріп, жетілдіру үстінде. Ең алғаш болып АТС-лар арасындағы байланыс жолдарында үлкен металсыйымдылықты мыс талшықты кабельдер орнында соң магистральді және аумақтық байланыс желілерінде қолданылуда. Оптикалы-талшықты байланыс жолының негізгі құраушысы оптикалы-талшықты кабель (ОТК) болып табылады.

ОТК өндіру кезінде байланыс жолының жіберу мүмкіншілігі мен пайдалану шартын анықтайтын параметрлері болады. Пайдалану шартына байланысты кабельдер келесідей түрлерге бөлінеді:

  • монтаждық;

  • станциялық;

  • аумақтық;

  • магистральдық.

Кабельдің бірінші екі түрі ғимарат іші мен аумағында қолдануға арналған. Онша ұзын емес. Ал қалған екі түрі су астында, грунттарда, коммуникация кабельді құбырларында қолдануға арналған. Бұл кабелдер сыртқы әсерлерден қорғалған, орнату ұзындығы екі километрден жоғары. Байланыс жолының жіберу мүмкіншілігін кең қолдану үшін (8-ге дейін) өшуі аз болатын бірмодалы, ал таратушы жүйелерге арақашықтығына байланысты 144 талшықты бірмодалы немесе көпмодалы оптикалық кабель қолданылады.


    1. кесте Оптикалық кабельдің түрлері




Кабель маркасы

өндіруші фирмасы

мәні

талшық саны

ADF(ZN)2Y 

«Simens»,Германия

бірмодалы 125 мкм ± 2 мкм

8 талшық

FB-24R/SNMA

«В1 электроникс» Ресей

көпмодалы

62.5/ 125 мкм

24 талшық

OGLJFE-CTZESM-10/125-0,38x1-48C

«FUJICURA»

Бірмодалы

0,15 мм

16 талшық

FB-4R/SNMA-S

«В1 электроникс» Ресей

көпмодалы 9/ 125 мкм

4 талшық




1.5.2 Технологиялар
Қазіргі заманғы электробайланыс жүйесінің негізінде цифрлық тарату (тығыздау) жүйелерін пайдалануға негізделген цифрлық біріншілік желіні қолдану жатыр. Осы электробайланыс жүйесінде цифрлық біріншілік желінің алатын орны 1суретте келтірілген [Қ.Б.].

Заманға сай цифрлық біріншілік желі үш технологиялар негізінде құрылуы мүмкін: PDH (Plesiochronous Digital Hierarchy-Плезиохронды цифрлық иерархия), SDH (Synchronous Digital Hierarсhy-Синхронды цифрлық иерархия) және ATM. Біздің елімізде транспорттық желілер құру үшін негізінде алғашқы екі жүйе PDH, SDH кең қолданыс тапқан.
PDH технологиясы
PDH бүгінгі таңда иерархиялардың үш түрі белгілі: Солтүстік Америкалық, Жапондық және Еуропалық. Еуропада иерархияның біріншілік жылдамдығы ретінде 2048 Кбит/с жылдамдығы қабылданды. Бұл DS0 (8 кГц жиілікпен алынған сигналдың дискреттік санағы 8 биттік тізбектілікпен кодаланып (квантталып), 8 кГц*8 бит=64 Кбит/с-на тең болғандағы цифрлық сигналдың аты) ақпараттық 30 сигналды кадрға қажетті сигналмен және басқарушы ақпаратпен бірге жинаған кездегі нәтиже. Жапонияда 30 арнаның орнына 24 арна комбинациясынан түзілген 1544 Кбит/с-на тең біріншілік жылдамдық қабылданды. Бұл иерархиялар плезиохронды цифрлық иерархия (PDH) деген атқа ие болды, өйткені мультиплекстелетін ағындар синхронды болмады және олардың жылдамдықтары биттік тізбектіліктің әрқайсысын түзетін тактілік генераторлардың рұқсат етілген тұрақсыздықтың шектерінде бірдей болмады.Сондықтан осындай ағындарды мультиплекстеу кезінде жылдамдықтарды орайластыру үшін биттерді қосу немесе алып тастауды жүзеге асыру қажет болды.

PDH технологиясының бірқатар кемшіліктері бар, оларды айта кетсек:

-аралық пункттерде цифрлық ағындардың кіріс/шығысының қиын болуы;

-желілік автоматты түрдегі бақылау мен басқару құралдарының болмауы;

-синхронизациялаудың көп сатылы қалыпқа келуі айтарлықтай ұзақ уақыт қажет етті.

PDH кемшіліктеріне, сонымен қатар, желідегі ағынды бақылау мен басқару мақсаттары үшін қызметтік арналарды ұйымдастыруда мүмкіндіктерінің әлсіздігін және де мәліметтерді тарату желілерінде қолдану үшін өте маңызды орын алатын төменгі сатыдағы мультиплекстелген ағындардың маршрутизация құралдарының болмауын жатқызуға болады.
SDH технологиясы
Синхронды оптикалық-талшықты желілердің стандартталуының қажеттілігі тек плезиохронды желілердің кемшіліктері анық болған кезде және SDH үшін жабдықтарды өңдеу мен ендіру толығымен жүріп жатқан кезде туды. Телекоммуникациялық операторлар бұл жағдайды бірінші түсінді. Әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын сәйкестендіру үшін жасалынған қадамдар оңтайлы нәтижелерге әкелген жоқ. 1984 жылдың басында АҚШ-та тарату жүйелерінің сәйкестендірілуі бойынша Форум болды, ол Америкалық Ұлттық Стандарттар институтына (ANSI) оптикалық-талшықты желілер бойынша синхронды тарату үшін арнайы операцияларды тезірек қабылдау туралы өтінішін білдірді. Бұл стандарттаудың мақсаты- әртүрлі өндірушілердің жабдықтарын оптикалық интерфейстер деңгейінде орайластыру. Бұл мәселе ANSI-ң екі комитетінің: цифрлық иерархия синхронизациямен жұмыс істейтін Т1Х1, сонымен қатар желілік әкімшілік басқару мен жұмысқа пайдалану сұрақтарын шешетін Т1М1-ң алдына қойылды. Бұл комитеттердің жасаған жұмыстарының нәтижесінде 45 Мбит/с тарату жылдамдығына негізделген SYNTRAN деп аталынатын стандарттың алғашқы нұсқасы жасалынды. Алайда уақыт өтісімен, өндірушілер жаңа жүйелерді ойлап тапты. AT&T компаниясы ең жаңа технологиялар негізінде METROBUS жүйесін ойлап шығарды, оның тарату жылдамдығы енді 150 Мбит/с құрады. 1985 жылы Т1Х1 комитеті Bellcore компаниясының ұсынысымен оптикалық интерфейспен қатар сигналдың форматы мен оның тарату жылдамдығын анықтайтын, синхронды желі концепциясына негізделген (SONET, Synchronous Optical Network) бір бүтін ретінде стандартты шығару шешімін қабылдады. Қазіргі уақытта біріншілік байланыс желісінде мультиплекстеу технологиясының дамуындағы анық тенденция РDH-тен SDH-ке өту болып табылады. SDH технологиясы цифрлық біріншілік желі құрылуының заманға сай концепциясы болып келеді. Қазіргі уақытта осы концепция нарықты басып алуда.

SDH технологиясын РDH технологиясымен салыстыра отырып, SDH технологиясының мынадай ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады:

  • синхронды тарату және мультиплекстеудің алдын алады. SDH бріншілік желінің элементтері синхронизация үшін бір беруші генераторын пайдаланады;

  • SDH-ң кез келген деңгейінде қадамдық демультиплекстеу үрдісінсіз РDH-ң тым жүктелген ағынын бөліп көрсетуге болатындай, РDH ағындарын тікелей мультиплекстеудің және демультиплекстеудің алдын алады.

  • тікелей мультиплекстеу үрдісі сонымен қатар енгізу/шығару үрдісі деп те аталады;

  • стандартты оптикалы және электрлік интерфейстерге сүйенеді, бұл әртүрлі өндіруші фирмалар жабдықтарының ең жақсы сәйкестігін қамтамасыз етеді;

  • РDH жүйесінің еуропалық және америкалық иерархияларын біріктіруге мүмкіндік береді, РDH-ң бар жүйелермен толық сәйкестігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар тарату жүйелерінің болашақтағы дамуына мүмкіндік береді, өйткені АТМ, МАN, HDTV және басқа тарату үшін жоғары өткізу қабілеті бар арналарды қамтамасыз етеді.

  • біріншілік желіні ең жақсы түрде басқарумен және өзін-өзі тексерумен қамтамасыз етеді. SDH технологиясы қанша болса да тармақталған біріншілік желіні бір орталықтан басқаруға мүмкіңдігімен қамтамасыз етеді.


АТМ технологиясы

ATM технологиясы әртүрлі трафик типтерін – дыбыстық, видео және цифрлық мәліметтерді таратуға арналған. Бұл кезде әрқайсысы қажетті жіберу мүмкіншілігімен қамтамасыз етіледі де өз кезегінде мәліметтер таратуында ұсталымдар болған кезде сезімталдықты жеткізіп отырады. АТМ технологиясының негізі трансляция ұяшықты коммутацияланған желі мен байланысты орнату. Сонымен қатар АТМ технологиясы жоғары жылдамдықты локалды желілерін құру үшін және дәстүрлі локалды желіден қосушы желілік магистральдарда (ATM ортасында локальды есептеуіш желі эмульсия технологиясында) қолданылады. АТМ-ді стандарттаушы ұйымдар АТМ өнімдерін әртүрлі өндірушілердің өнімдерімен сәйкестендіретін стандарт ойлап тапты. АТМ дәстүрлі желілік құрылғымен. Тарату ұяшығы бар желі. Тарату ұяшығы бар желілер арқылы мәліметтер онша үлкен емес дестелі бекітілген өлшемді ұяшық арқылы беріледі. Ал қолжетімділік ортасы бөлінген желілерде мәліметтерді тарату ауыспалы ұзындықтағы үлкен дестелер-кадрлар арқылы жүргізіледі. Әрбір құрылғы АТМ желісіне қосылғанда (жұмыс станциясы, сервер, маршрутизатор немесе көпір) АТМ коммутаторының жеке портына қосыла алады. Ал ұяшықтарды таратудың күту уақытын төмендету үшін, оның өлшемі айтарлықтай аз болу керек. Бірақ ұяшықтың кіші өлшемі ұяшықтарды тарату арасындағы интервал есебінен таратуға шығындар саны көбейіп кетуі мүмкін. АТМ-нің ұяшық өлшемі 53 байтты құрайды оның 48 байты мәліметтерге, ал 5 байты қызметті ақпаратты ұяшық тақырыбына беріледі.

FR технологиясы
Frame Relay (KazNet® FR) технологиясын қолдану арқылы деректерді жіберу қызметі аймақтық-тарату жергілікті желілерін біріктіруге мүмкіндік береді және ақпараттың сөйлесу типтерін, оның ішінде бір мезетте ақпарат пен дауысты беру, сонымен қатар Ғаламтор және Х25 желілеріне ену қызметтерін ұсынуды сапалы жіберу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Frame Relay технологиясы желілік қызметердің кең ауқымының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін Frame Relay хаттамасында жоғары деңгейлі хаттамалардың көп көлемді жұмысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. KazNet® FR қызметтерін пайдалану қымбат айшықталған арналарға қарағанда (нүкте-нүкте) экономикалық жағынан ең тиімдісі болып табылады.
Frame Relay технологиясы физикалық емес, виртуалды қосылыс (PVC) ұғымын пайдаланады және салыстырмалы түрде қысқа белсенділік фазаларымен және ұзын үзілістермен сипатталатын деректерді берудің үзікті трафигіне жақсы бейімделген ; – бұл жағдайда арна деректердің кезекті үлесін беру уақытымен ғана шұғылданады. Сандық байланыс арналарының өткізу қабілетін оңтайлы пайдалану байланыс арнасының енін икемді бөлу және өткізудің ең аз резервіленген жолағы есебінен қол жеткізіледі (CIR).
Frame Relay қызметінің маңызды артықшылығы кейбір бағдарламалық өнімдер және қосымшалар сынмен қарайтын деректерді беру кезіндегі уақытша бөгеуілдерді елеулі түрде азайту қабілеті болып табылады
Желінің жоғарғы сенімділігі трафикті қосарлаумен және динамикалық бағдарлаумен қамтамасыз етіледі. Мүмкіншіліктері:
KazNet® FR бір порты және қол жеткізудің бір желісін пайдалана отырып, KazNet® FR желісіне жалғанған қашықтағы көптеген нүктелермен байланысты ұйымдастыруға болады. Қосылу байланыстың тұрақты виртуалды арналары бойынша жүзеге асырылады, олардың өту бағдарлары жеңіл қайта бағдарламалануы мүмкін. Қол жеткізу желісінің және желі портының болуы жағдайында жаңа виртуалды арнаны үстемелеу желілік жабдықтың параметрлерін қарапайым өзгерту арқылы жүзеге асырылады.
KazNet® FR желісінің пайдаланушылары үшін Internet желісімен ұдайы қосылуды ұйымдастыруға да болады.


1.5.3 Топологияларды салыстыру
SDH желілерінің топологиясын қарастырғанда, іс жүзінде бар стандартты топологиялар жиынтығын аламыз.

"Нүкте-нүкте" топологиясы.

Екі А және В тараптарын байланыстыратын желі сегменті немесе "нүкте-нүкте" топологиясы SDH желісінің базалық топологиясының ең қарапайым мысалы болып табылады.(1.3 сурет).


1.3 сурет - ТМ қолдану арқылы жүзеге асқан «нүкте- нүкте» топологиясы
«Реттелген сызықты тізбек» топологиясы.

Бұл базалық топология желідегі трафик қарқындылығы аса көп болмағанда және қол жететін арналарды енгізуге болатын жолдағы нүктелер қатарына тармақталу қажеттілігі туған кезде қолданылады. Ол 1.4 суретте көрсетілгендей резервсіз қарапайым реттелген сызықты тізбек түрінде немесе 1.5 суретте көрсетілген күрделі 1+1 типті резервтелген тізбек түрінде де ұсынылуы мүмкін.Соңғы нұсқадағы топологияны көбінесе «қарапайымдатылған сақина» деп атайды.

1.4 сурет - «Реттелген сызықты тізбек» топологиясы



1.5 сурет - 1+1 қорғанысы бар «қарапайымдатылған сақина» типті «реттелген сызықты тізбек»

Концентратор функциясын жүзеге асыратын «жулдызша» топологиясы.

Бұл топологияда коммутация орталығымен ( мысалы, цифрлық АТС ) байланысы бар жиелі тораптардың қашық орналасқандарының біреуі немесе орталық сақинадағы SDH желісінің торабы концентратор немесе хабтың ролін ойнайды, мұнда графиктің бір бөлігі қолданушылар терминалдарына шығарылып отыруы мүмкін, ал оның қалған бөліктері басқа қашық орналасқан тораптар бойынша таратылуы мүмкін (1.6 сурет).



1.6 сурет - «Жулдызша» топологиясы
«Сақина» топологиясы.

Бұл топология (1.7 сурет) SDH иерархиясының бірінші екі деңгейлерінің (155 және 622 Мбит/с) SDH желілерін құру үшін кең қолданылады. Бұл топологияның негізгі артықшылығы – 1+1 типті қорғанысты ұйымдастырудың жеңілдігі .

SMUX синхронды мультиплексорларда оптикалық агрегатты шығыстардың (қабылдап/ таратушы арналардың): шығыс – батыс екі жұптың бар болуының арқасында кездесуші ағындары бар екі сақинаны түзуге мүмкіндік береді.

1.7 сурет - 1+1 қорғанысы бар «сақина» топологиясы
Сақина тәрізді топологияның бірнеше қызық қасиеттері бар, олар желіге өзімен өзі қалыпқа келуіне, яғни біраз айтарлықтай сипаттамалы істен шығу тұрлерінен қорғануына мүмкіндік береді.

1.6 Жобаны іске асыру үшін қолданылатын технологияны, байланыс жолын және топологияны таңдау.
Қазақстан Республикасының қазіргі уақытта қолданылып жүрген заманға сай талаптарға жауап беретін және болашақта даму тенденциялары жоғары технологиялардың бірі – SDH технологиясы болып табылады. Сондықтан Жетісай қаласында дәл осы технологияның негізінде тасымалдау желісін қайта құру жобаланып отыр. Бұл технологияның басқа да қалалардың тәжірибесінде қолданылуының табысты болуы - менің осы технологияны таңдауыма себеп болды. Сонымен қатар жоғарыда салыстырылған топологиялардың ішінен «сақина» топологиясын таңдаған дұрыс деп ойлаймын. Өйткені оның артықшылықтарының бірі, екі оптикалық сызықты шығыстарының (қабылдап/тарату арналарының), агрегатты шығыстары деп аталады және жүз пайыздық қосымша арналардың немесе 1+1 сұлбасы бойынша қорғанысы арқылы сенімділігін арттыру. Бұл шығыстар (желі топологиясына байланысты) негізгі және қосымша (сызықтық топология) немесе шығыс және батыс (сақина топологиясы) деп аталады. «шығыс» және «батыс» терминдері SDH желісінде екі тіке қарама-қарсы жолдары арқылы сигналдарды «сақина» топологиясында: бірі солға қарай сақина бойымен – «батыстық», ал екіншісі оңға қарай сақина бойымен – «шығыстық» таратады. Ал құрылғысына келетін болсақ, Қазақстан Республикасында SDH желісін орнатуда Израиль елінің ECI және Siemens фирмалары атқарып келген. Уақыт өте келе бұл фирмалар шығарған өнімдердің сапасы төмендей бастады. Қазіргі таңда елімізде Қытай елінің Huawei компаниысының шығарған өнімдерін қолдану үстінде. Бұл құрылғы SDH мультиплексорларын өндіруде көп тәжірибе жинаған. Компанияның шығарған өнімдерінің сапасы жоғары, ал бағасы төмен (басқа компаниялармен салыстырғанда) болғандықтан тез қолданыс тапқан. Бұл жобаны іске асыру үшін SDH сақинасының мультиплексоры ретінде мен Optix Metro 3100 мультиплексорын ұсынар едім. Өйткені мультиплексор мәліметтерді таратуда барлық стандарттарда жұмыс істейді, сандық крос-коммутациясында жұмыс істейтін технологияларға STM-1 96 арнасын өңдеуге мүмкіндік береді. Қарастырып отырған бөлімде SDH технологиясының жабдығын, сонымен қатар тарату жүйесінің талаптарын (жылдамдық, ақпарат көлемі және т.б.) орындайтын, ақпаратты тасымалдайтын физикалық орта ретінде талшықты-оптикалық кабелді таңдадым. Кестеден (1.3) көріп отырғанымыздай Жетісай қаласының станция арасында ең тиімді байланыс жолы болып- оптикалық кабель таңдалады, себебі:

-ауданда оптикалық кабельді техникалық жұмысқа пайдалануға машықтанған техниктер мен жұмысшы кадрлері бар;

- оптикалық кабельдің кең ауқымдылығы іс жүзінде дәлелденген.








Скачать файл (1208.7 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации