Logo GenDocs.ru

Поиск по сайту:  

Загрузка...

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Физика-техникалық факультеті - файл


скачать (64.4 kb.)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Физика-техникалық факультеті

«Ғарыштық техника және технологиялар» кафедрасы

«Жерүсті қабылдау-тарату сегментінің эксплуатациясы»

пәні бойынша
3 лабораториялық жұмыс
Тақырыбы: «Жерүсті зымыран кешендері»

Орындаған: Көлбай Ұ.С.

Қабылдаған: доцент, Муханбеткалиева А.К.

Нұр-Сұлтан

2020 жыл

Зымыран кешендері жайында жалпы мәліметтер.
Зымыран кешені деп өзара байланысқан зымырандардың, жер үсті құрылғыларының, жалпы техникалық құралғылары бар арнайы құрылыстардың, басқару құралдарының және қызмет көрсетушілердің, зымыранды ұшыру дайындығын жүргізудің жиынтығын айтамыз.

Зымыранды ұшыру кезіндегі орналасқан орнына байланысты зымырандық кешендерді екі үлкен топқа бөлуге болады: жердегі және әуелі.

Жердегі зымыран кешендері стационарлы және қозғалатын болып бөлінеді.

Стационарлы зымыран кешендері орналасу орнына және жер беті мен оның ядролық қарулардан қорғану дәрежесі бойынша арнайы технологиялық құрылғыларына байланысты жер үсті, жартылай тереңдетілген және шахталы деп бөлінеді.

Таулы аймақтарда немесе қыраттарда орналасқан зымыран кешендері, шығатын жағы темірбетонды перделермен жабылған туннельдерде орналасуы мүмккін.

Шахталы типтегі стационарлы зымыран кешендері жер үсті ұшыру немесе шахта арқылы ұшыра алады.

Стационарлы зымыран кешенінің тағы бір түріне – су асты зымыран кешені жатады.

Қозғалатын зымыран кешендері тасымал құралдарының түріне байланысты далалық, темір жолды, өзендік және теңіздік болып бөлінеді.

Зымыран бөлшектерін қайта орналастыруға мүмкіндік беретін шынжырлы немесе доңғалақты машиналарда орнатылған зымыран кешендерін далалық деп аталады.

Жылжымалы темір жолды зымыран кешені ұшыру құрылғылары бар вагондар мен зымырандардың, электр күштік аппаратуралардың және аппаратуралық байланыстың, көмекші вагондардың және локомативтердің жиынын білдіреді.

Жылжымалы зымыран кешенінде маңызыды орын алатын жүзуші өзендік және теңіздік кешендер болып табылады.

1-сурет. Суүсті ұшыру кешені


Өзендік зымыран кешендерінде зымыранды ұшырудың екі тәсілі бар: судың беттік тіреуіші мен өзеннің түбіндегі тіреуіш арқылы ұшыру.

Теңіздік зымыран кешендері су асты және су үсті кемелерінде орналасады.


2-сурет. Ресейлік қозғалмалы-зымырандық кешен


Қозғалатын зымыран кешендері тасымал құралдарының түріне байланысты далалық, темір жолды, өзендік және теңіздік болып бөлінеді.

Зымыран бөлшектерін қайта орналастыруға мүмкіндік беретін шынжырлы немесе доңғалақты машиналарда орнатылған зымыран кешендерін далалық деп аталады.

Жылжымалы темір жолды зымыран кешені ұшыру құрылғылары бар вагондар мен зымырандардың, электр күштік аппаратуралардың және аппаратуралық байланыстың, көмекші вагондардың және локомативтердің жиынын білдіреді.




Скачать файл (64.4 kb.)

Поиск по сайту:  

© gendocs.ru
При копировании укажите ссылку.
обратиться к администрации